Читать онлайн Қытай экономикасындағы бəсекелестік, сенімділік жəне даму бесплатно
АЛҒЫ СӨЗ
Бұл кітап менің соңғы жылдары жариялаған мақалаларымның жинағы, оның мақсаты – Қытай экономикасының өткені, қазіргі мəселелері мен болашақтағы өсу перспективаларын түсінуге арналған экономикалық теорияларды ұсыну. Қытай өркениеті – əлемдегі ең көне əрі ең ұлы өркениет. Мэдисонның бағалауы бойынша, 1820 жылы Қытай экономикасы əлемдік экономиканың шамамен 30%-ын ұстаған. Алайда өнеркəсіптік революциядан кейін Батыс жылдам дамып, Қытайдың əлемдік экономикадағы үлесі Қытай Халық Республикасы құрылған кезде, яғни 1949 жылы 4,2%-ға дейін төмендеген.
Басқа дамушы елдер сияқты Қытай үкіметі индустрияландыруды ұлттық жаңғыру жолы ретінде жүргізді. Қытай экономикасы жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу кезінде ондаған жылдар бойы кедейшілікті бастан өткеріп, 1978 жылдан бастап қарқынды өсті. 1978 жылдан 2021 жылға дейін орташа жылдық өсу қарқыны – 9,2%, бұл адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған экономикалық дамудың кереметі. 1978 жылы Қытайдың жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 156 АҚШ долларын құрап, Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінің орташа көрсеткішінің үштен бірінен аз болды, 2021 жылға қарай 12 551 АҚШ долларына дейін өсіп, 2025 жылға қарай табыс деңгейі жоғары елдер үшін Дүниежүзілік банк белгілеген 13 205 АҚШ долларынан асады деп күтілуде. Бір қызығы, Қытай нарықтық экономикаға көшу барысында жалпы жұрт қабылдап, экономикалық теорияға айналған «Вашингтон консенсусының» ұсыныстарын қолданған жоқ. Ал басқа дамушы елдер нарықтық экономикаға көшкенде стандартты əдіснамаға сəйкес экономикалық құлдырау, тоқырау жəне дағдарысты жиі бастан кешірді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дамушы елдердің көпшілігі саяси тəуелсіздікке қол жеткізіп, дамыған елдердің доктриналарын басшылыққа ала отырып, модернизация мен индустрияландыру үдерісін бастады. Алайда олардың ішінде тек санаулысы ғана дамыған елдермен табыс алшақтығын қысқарта алды. Бұл елдердің немесе аймақтардың көпшілігі Шығыс Азияда орналасқан, олар жалпы жұрт қабылдаған теорияларды қате деп есептейтін саясат жүргізді. Мысалы, Шығыс Азияның жаңа индустриалды елдері, соның ішінде Оңтүстік Корея, Тайвань, Қытай, Гонконг жəне Сингапур 1950–1960 жылдары заманауи өнеркəсіпті дамыту үшін дамудың бастапқы кезеңдерінде жалпы импортты алмастыру стратегиясын қабылдамай, дəстүрлі шағын əрі еңбекті көп қажет ететін салаларды дамытып, өнеркəсіптік баспалдақпен бірте-бірте көтерілу мақсатында экспортқа бағытталған стратегияны қолданды. Нəтижесінде 1980–1990 жылдар аралығында Қытай, Вьетнам жəне Камбоджа сияқты елдер жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу кезінде маркетингілеу, жекешелендіру, тұрақтылық басым болған «үлкен жарылыс» тəсілін емес, кезеңдік жəне спорадикалық тəсілді қолданып, серпінді өсуге қол жеткізді.
Экономикалық теорияларды экономикалық құбылыстар туындатады. Олардың мақсаты адамдардың іс-əрекетіне бағытбағдар беріп, қоғамдық дамуға ықпал ету, экономикалық құбылыстардың сипаты мен себептерін түсіну. 1776 жылы Адам Смит «Ұлттық байлық теориясы» кітабын жариялағалы көптеген экономикалық теориялар дамыған елдерде, əсіресе Ұлыбритания мен АҚШ-та өркендеді. Бұл экономикалық теориялар дамыған елдердің жетістікке жету себептерін толық көрсетіп, дамушы елдерге нұсқаулық болды. Алайда экономикалық теориялар бақыланатын құбылыстардан абстракцияланып, қарапайым себеп-салдарлық байланыстар əлеуметтік, саяси жəне мəдени құрылымдардың теориялық алғышарттарына айналады. Сонымен қатар жаңа теориялардың туындауына себеп болады.
Дамыған жəне дамушы елдер əртүрлі даму кезеңінде, олардың арасында сөзсіз құрылымдық айырмашылықтар болады. Бұл дамушы елдердегі экономикалық құбылыстарды бақылау мен экономикалық мəселелерді шешу кезінде негізгі неоклассикалық экономикалық теорияға құрылымдық перспективаны енгізуді талап етеді. Бұл – мен Дүниежүзілік банкте бас экономист болған 2009 жылдан бастап алға қойылған Жаңа құрылымдық экономиканың (ЖҚЭ) мақсаты.
Маркстік тарихи материализмнің рухын көтеріп, неоклассикалық тəсілді аналитикалық құрал ретінде пайдалану керек. Жаңа құрылымдық экономикаға сəйкес, экономиканы үлестіру, өндіріс (өндірістік жəне технология), инфрақұрылым, қондырма немесе жаңа институционалдық экономика терминологиясында заңдар, ережелер, əлеуметтік саяси жүйелер сияқты формалды институттарды, сондай-ақ мінез-құлық, наным-сенімдер, құндылықтар, идеологиялар сияқты бейресми институттарды қамтитын өзара байланысқан құрылымдар бар. Экономикалық өндіріс құрылымы экономикалық қауіпсіздіктің эндогені, өйткені экономикалық құрылым экономиканың салыстырмалы артықшылықтарын, кез келген уақытта құруы немесе өзгеруі мүмкін тиісті технологиялар мен салаларды анықтайды. Əртүрлі технологиялар мен өндіріс салалары да белгілі бір капиталды үнемдеу, дағдылар, инфрақұрылымның талаптары, ауқымы мен тəуекелі сияқты техникалық сипаттамалары бойынша ерекшеленеді. Өндіріс құрылымындағы технологиялар мен өнеркəсіп салаларының өнімділігін арттыру тиісті инфрақұрылым мен қондырманы қажет етеді. Ол халық шаруашылығы қорының құрылымына да жанама түрде əсер етеді.
Экономиканың қалыпты жұмыс істеуі үшін екі негізгі институт қажет: толық бəсекеге қабілетті нарық жəне ықпалды үкімет. Біріншісі – кəсіпкерлерді экономиканың салыстырмалы артықшылықтарына негізделген өндірістік (өнеркəсіптік жəне технологиялық) таңдауға бағыттау, ынталандыру жəне салыстырмалы баға туралы ақпарат беру. Екіншісі – сыртқы факторлардың əсерінен туындаған нарық сəтсіздіктерін еңсеру, сондай-ақ инфрақұрылымды үйлестіру, əзірлеу процесінде құрылымдық өзгерістермен сипатталатын қондырмаға қажетті жақсартуларды енгізу. Бұл қажетті құқық норманы пайдалануға заңды негіз беретін жалғыз мемлекеттік мекеме.
Идея, капитал, сауда, ақпараттық технологиялар дамыған мына заманда экономиканың құрылымдық теңгерімсіздігінің екі негізгі себебі бар. Біріншісі – экономикалық жүйе құрылымының құрамдас бөліктерінің əртүрлілігі. Егер экономиканың тиісті өндірістік құрылымы, инфрақұрылымы, қондырмасы бар болса, онда мұндай экономикалық құрылыммен экономикалық өсудің арқасында капиталдың жинақталуы жылдамдайды. Бұл қор құрылымындағы капиталдың салыстырмалы салмағы мен экономиканың салыстырмалы артықшылықтарының өзгеруін тудыратын өндіріс құрылымын, инфрақұрылымды, қондырманы өзгертуді талап етеді. Мақсатты қордың құрылымы өте тез өзгереді. Қондырмалардың өзгерістері, əсіресе мінез-құлық үлгісі, дəстүрлер, сенімдер, құндылықтар, идеология сияқты бейресми институттарда баяу жүреді. Егер байлықтың құрылымы жоғарыда аталған капиталдың жинақталуы нəтижесінде, не халық санының өсуі, білім беру, көші-қон, шетел капиталының ағылып келуі, не табиғи ресурстардың ашылуы сияқты себептермен өзгерсе, қондырманың өзгерістері ішкі құрылымның өзгерістерімен үйлестірілмеген болса, құрылымдық теңгерімсіздік туындауы мүмкін. Құрылымдық теңгерімсіздіктің екінші себебі мемлекет өндіріс құрылымына араласуы ықтимал. Кейбір əлеуметтік немесе саяси күйзелістерден кейін дамыған елдердің саяси, құқықтық жəне басқа да формалды институттары көбіне мұра етіледі немесе білімді элиталардың күтулері, көпжақты даму институттарының ұсыныстары немесе əлемдік державалардың ықпалына сай жұмыс істейді. Мұндай 1- деңгейдегі мемлекеттік араласулар, мысалы, тоғанға тас лақтырғаннан пайда болған судағы шымырлаған діріл сияқты басқа 2-деңгейдегі жүйелерге əсер етеді. Құрылымдық теңгерімсіздіктің екі түрі де төмен экономикалық көрсеткіштерге, тіпті əлеуметтік жəне саяси тұрақсыздыққа əкелуі мүмкін.
Теңгерімсіздік бұзылуының бірінші себебіне келетін болсақ, құрылымдық тепе-теңдікті қалпына келтіру біршама жеңіл, өйткені мемлекет, қандай болса да бір саясаткер немесе кəсіпкер өзгерістерге жетекшілік етіп, үйлестіруді қамтамасыз етсе, өзгерістер болады деп қарайды. Мемлекеттің араласуынан туындаған құрылымдық теңгерімсіздіктер трансформациясының екінші себебін шешу үшін экономикалық жүйедегі бұрмаланған болып көрінетін екінші дəрежелі институттардың көбісі табиғаты бойынша екінші болып табылатын өндіріс құрылымына немесе қондырмаға мемлекеттің араласуының бірінші деңгейіне эндогенді екенін мойындауы маңызды. Сондықтан өтпелі үдерісі кезінде Парето жақсартуларына қол жеткізу үшін қондырма жүйесін реформалаудан бұрын жүйелік күйзелістерді болдырмау жəне құрылымның төменгі деңгейлеріндегі жағдайларды дайындау үшін прагматикалық көзқарасты қолданған дұрыс. Мысалы, структуралистік импортты алмастыру стратегиясының аясында басымдық берілген секторлардағы өмірге қабілетсіз фирмаларды қорғау қажеттілігіне байланысты қаржылық репрессия мен жұмсақ бюджеттік шектеулер алынып тасталынды. Капиталдың жинақталуы мен салыстырмалы артықшылықтардың өзгеруі есебінен өмірге қабілетсіз фирмалар қайтадан өмірге бейімді болғанша күтуге тура келді. Бұл екі кезеңді біртіндеп көшудің аясында салыстырмалы артықшылықтары бар жаңа секторлардың жылдам өсуінің арқасында мүмкін болды. Дамыған елдердің формалды жүйелерін қолдануға мəжбүр дамушы елдер үшін бұл құрылымдық теңгерімсіздікті егер оларда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономикалық қуып жетуші даму кезеңінде Шығыс Азиядағы секілді білімді саяси көшбасшылары бар болса еңсеруге болады. Бұл саяси көшбасшылар өздерінің дискрециялық өкілеттіктерін ақылмен пайдалана отырып, бір жағынан елдегі саяси тұрақтылықты сақтап, екінші жағынан, саяси тұрақтылық тудырған мүмкіндіктер терезесін экономиканы белсенді дамыту үшін қолданады. Осылайша, таңылған жүйенің жақсы жұмыс істеуі үшін қажетті шарттарды орындау мен ескі бейресми жүйенің қайшылықтарын жою (мысалы, непотизм мен саяси патронаж сияқты қайталама бұрмалаулар) үшін экономикалық базаны жаңғыртады.
Кітаптың құрылымы төмендегідей:
I тарауда Қытайдың əлемде алатын орны, ұлттық жаңғыруына түрткі болған өз өнеркəсіптік революциясын жүзеге асыра алмауының себептері талданды. Сондай-ақ бұл тарауда Қытайдың экономикалық динамизмінің қайнар көздері, 1978 жылы нарықтық экономикаға көшкеннен кейінгі өсудегі жекеменшік сектордың рөлі зерттелді.
II тарау Қытайдың дамуы əлемге дамушы елдер мен кедейшілікпен күрес туралы не айтатынын қарастырады.
III тарауда Қытайдың даму тəжірибесінен туындауы мүмкін жаңа экономикалық теориялар, соның ішінде Жаңа құрылымдық экономика қарастырылады.
IV тарауда Жаңа құрылымдық экономикадағы теориялық инновациялардың уəждемесі жəне оның экономикалық зерттеулердегі қолдану жолдары қарастырылады.
V тарауда Қытайдың инновациялар мен даму саясатын анықтау үшін Жаңа құрылымдық экономика қолданылады.
VI тарауда өнеркəсіп пен қаржы құрылымдары арасындағы қарым-қатынас жəне Қытайдың жоғары сапалы дамуын қолдау мақсатында қаржы инновацияларын пайдалануы қарастырылады.
VII тарауда Қытайдың негізгі ішкі циклдері мен қосарлы халықаралық циклдерінің өзара күшейткіші басым жаңа даму үлгісін қабылдауының негіздеуі қарастырылады.
VIII тарауда Қытайдың 2021–2025 жылдарға арналған 14- ші бесжылдық жоспарына қажетті мақсаттар, міндеттер мен саясаттар талқыланады.
XIX тарауда өзара тиімді ынтымақтастықты қажет ететін Қытай мен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) арасындағы шиеленістерге, сондай-ақ індеттер мен ғаламдық басқару реформасына реакция қарастырылады.
Қытай əлемде барлығы үшін маңызды ел. Бұл кітап оқырмандарға кезінде Қытайдың күйреуге жақындап барып, дамуға бет алған тəжірибе сабақтары, Қытайдың болашақ перспективасы, алдағы жылдардағы даму мүмкіндіктері, өзара тиімді ғаламдық ынтымақтастық жолын құру тəсілі, əлемдік БАҚ-тың бірнеше рет болжам жасағанына қарамастан, тұрақтылығын сақтап, гүлденуінің себептерін түсінуге көмектеседі деп үміттенемін.
13
I тарау ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ҚАЙДАН КЕЛДІ?
1.1. Джозеф Нидхэмнің жұмбағы және Қытайдың қайта жаңғыруы
Джозеф Нидхэм – мені таңдандыратын ғалым. Джозеф Нидхэмнің жұмбағы: Қытай неге ежелгі заманда технологиялық жəне экономикалық дамудың көшбасшысы болып, бірақ қазіргі заманда қатты артта қалды. Бұл оның ұсынысы мен көп жылдық зерттеулерінің тақырыбы. Джозеф Нидхэмнің бұл жұмбақты ұсынуының басты мақсаты Қытайдың қайта өрлеу дəуірінің мүмкіндігін зерттеу болды. Мен 2009 жылы Дүниежүзілік банкте бас экономист болған кезімнен бастап даму экономикасының үшінші басылымы Жаңа құрылымдық экономика (ЖҚЭ) туралы бастаманы көтердім. Жас кезімнен бері мазалап жүрген осы жұмбақты талдап, оның теориялық негізін ұсындым.
Нидхэмнің кең көлемді əдеби зерттеулеріне сүйенсек, Қытай жаңа заманға дейін əлемдегі ең дамыған елдердің бірі болған. Алайда XVIII ғасырдың аяғында Англиядағы өнеркəсіптік революцияның басталуымен Қытай Батыстан артта қалып кетті.
Экономикалық база – елдің күш-қуатының маңызды көрсеткіші. Экономист əрі тарихшы Мэдисонның зерттеулері көрсеткендей, 1820 жылдары Қытайдың экономикасы əлі де болса сол кездегі əлемдік экономиканың үштен бірін құраған, бірақ кейін тез құлдыраған.
1. Бұл мақала автордың 2017 жылы 27 қазанда Кембридждегі (Ұлыбритания) Джозеф Нидхэм институтында өткен Екінші жыл сайынғы Джозеф Нидхэмді еске алу лекциясында сөйлеген сөзіне негізделген, алғаш рет Ван Пяои аударып, бірінші рет Caixin.com сайтында жарияланған.
1949 жылы Қытай социалистік мемлекет болып құрылған кезде оның экономикасы дүниежүзілік жалпы экономиканың 4,2%-ын ғана құрады. 1978 жылға қарай Қытай жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көше бастаған уақытта экономикалық өсу тек 4,9%-ды құрады. Макс Вебердің зерттеулері бойынша, XIII-XIV ғасырларда Қытай өнеркəсіптік революцияның гүлдену кезеңін бастан кешірді. Кейбір ғалымдар Сун династиясы кезіндегі техника мен тоқыма өнеркəсібінің даму деңгейін Ұлыбританияның XVIII ғасырдағы өнеркəсіптік революция қарсаңындағы даму деңгейімен салыстыруға болады деп есептейді. Алайда Қытайда өнеркəсіптік революция болған жоқ. Қытай қазіргі бəсекелестікте ауыр жеңіліске ұшырады. Сондықтан Нидхэмнің қойған сұрағы өте қиын. Неліктен Қытай ежелгі заманда басқа өркениеттерден озып, қазіргі дəуірде өзінің жетекші позициясын сақтай алмады? Бұл сұрақтың жауабы Қытайдың даму болашағы туралы біздің пайымдауларымызға байланысты.
Джозеф Нидхэм бұл сұрақты алғаш рет 1950 жылдары қойған. Ол уақытта Нидхэм 1970 жылдардың аяғынан кейін 40 жыл өткен соң Қытай мүлдем жаңа кейіпке енетінін елестете алмас еді. Себебі 1978 жылы нарықтық экономикаға көшкеннен бері Қытай əлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан экономикалық елге айналды. 2016 жылға қарай сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша Қытайдың экономикасы əлемдік ЖІӨ-нің 4,9%-нан 18,6%-ға дейін өсті. Осындай ұзақ уақыт аралығындағы өсу – экономика тарихында бұрын-соңды болмаған керемет. Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) XIX ұлттық съезінде бас хатшы Си Цзиньпин: «Біз бұрын-соңды тарихта Қытай халқының ұлы жаңғыру мақсатына дəл қазіргідей жақын болмағанбыз», – деп жариялады.
Мен бұл жерде мынадай сұрақтарды талдағым келеді. Біріншіден, Қытайда өнеркəсіптік революция неге туындамады? Қытайдың Батыспен бəсекелестікте жеңіліске ұшырауы дəл осыдан басталды. Екіншіден, 1978 жылдан кейін Қытай неге жылдам дамыды? Үшіншіден, Қытай неге 1978 жылға дейінгі экономикалық деңгейге жете алмады? Төртіншіден, осы кезеңде басқа социалистік жəне социалистік емес елдер де мемлекет басқаратын жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көше бастады, бірақ олар экономикалық күйреулер, тоқыраулар мен дағдарыстарды бастан өткерді, ал Қытай тұрақты əрі нық өсуін сақтап қалды.
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшкенде елдердің экономикалық көрсеткіштері неге соншалықты ерекшеленеді? Бесіншіден, əр нəрсенің екі жағы болады. Қытай өзінің қарқынды экономикалық өсуі үшін қандай қадамдар жасады? Алтыншыдан, Қытай өзінің қарқынды дамуын сақтай отырып, қытайлық зиялылар мен Джозеф Нидхэмді алаңдатып отырған қытайлық ренессансқа қол жеткізе ала ма? 2008 жылғы жаһандық экономикалық дағдарыстан бері жыл сайынғы əлемдік экономикалық өсудің үштен бірі Қытайдың үлесінде. Əлемдік экономика 2008 жылғы дағдарыстан əлі толықтай шыға қойған жоқ, сондықтан Қытай экономикасының өсу қарқынын сақтап қалу бүкіл əлемнің мүддесіне сай. Қытай экономикасының өсу қарқыны бəсеңдесе, əлемдік экономика өсу қозғалтқышынан айырылады. Бұл Қытай үшін ғана емес, бүкіл əлем үшін сынақ болмақ.
Қытайда не себепті өнеркəсіптік революция болмады?
Біз алдымен «өнеркəсіп революциясы» деген терминнің мағынасын түсінуіміз керек. Көптеген адам жөнінен алғанда өнеркəсіптік революция бу қозғалтқыштың пайда болуы, тоқыма өнеркəсібінің механикалануы мен болат қорытуды білдірді. Дегенмен бұл анықтама дұрыс деп ойламаймын. Өйткені экономикада тек осы үш жаңалық қана пайда болса, онда еңбек өнімділігі айтарлықтай деңгейде ғана артып, тұрақты экономикалық даму болмас еді.
XVIII ғасырға дейін Батыс елдерінде ұлттық табыстың орташа жылдық өсу қарқыны 0,05% ғана болғаны белгілі. Бұл жан басына шаққандағы табыстың екі есеге артуы үшін 1400 жыл қажет болады дегенді білдіреді; XVIII ғасырдан бастап ұлттық табыстың жылдық өсу қарқыны 0,05%-дан 1%-ға дейін, яғни 20 есе дерлік өсті. Бұл жан басына шаққандағы табыстың екі есеге ұлғаю уақытын 1400 жылдан 70 жылға дейін қысқартты. Батыста XIX ғасырдың ортасынан бастап қазіргі уақытқа дейін орташа ұлттық табыстың өсу қарқыны қайтадан екі есеге өсіп, 2%-ға жетті. Табысты екі есе арттыруға кететін уақыт 70 жылдан 35 жылға дейін қысқарды. Экономикалық өсудің мұндай жылдамдығы жоғарыда айтылған үш жаңа технологияны қолданудың арқасында емес, ғылым мен техниканың қарқынды өзгеруінің нəтижесінде қысқа мерзімде мүмкін болды.
Технологиялық инновациялар мен өнеркəсіптік жаңғырту қарқыны неліктен күрт өсті? Менің ойымша, технологиялық инновациялар жылдамдығының артуы мен өнеркəсіптік жаңғырту қарқыны өнеркəсіптік революцияның басты əрі маңызды белгісі.
Батыстың экономикалық өсуінің жеделдеуінің себебі неде? Меніңше, бұл технологиялық инновациялардың парадигмасының өзгеруімен байланысты. Өнеркəсіптік революцияға дейін барлық қоғамдар мен өркениеттерде технологиялық инновациялар фермерлер мен қолөнершілердің тəжірибесінен туындады. Өнеркəсіптік революциядан кейін XVIII ғасырдың ортасынан бастап, технологиялық инновациялар, ең алдымен, зертханаларда зерттеулер мен эксперименттер негізінде жасалды; XIX ғасырдан бастап технологиялық инновациялар эксперименттер, содан кейін ғылыми теорияларға негізделген эксперименттер арқылы жүзеге асырыла бастады. Бұл парадигманың өзгеруі Қытайға жəне əлемге түбегейлі əсер етті.
XVIII ғасырға дейін инновация шеберлік пен тəжірибеге негізделді. Бұл жағынан Қытай артықшылыққа ие болды. Оның құнарлы жері мен жайлы климаты ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге қолайлы болып, саны көп халқын азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Халық санының көп болуы басқа елдерге қарағанда Қытайда шаруалар мен қолөнершілердің көп болғанын білдірді. Олар тəжірибе жинақтап, Қытай қоғамының инновациялық жəне экономикалық дамуына үлес қосты. Ежелгі өркениеттер Египет пен Үндістанда да ұлы өзендердің алаптарындағы құнарлы топырақты аймақтарда пайда болған. Қытайдың ертедегі ілгерілеуінің себебі осы. Алайда инновация эмпирикалық жолмен жасалынғанда, халықтың басым бөлігі өзінің артықшылығынан айырылады. Өйткені ғалымдар өз зертханаларында жылына мыңдаған тəжірибе жүргізе алады, ал шаруалар немесе қолөнершілер оған бүкіл өмірін жұмсауды қажет етеді.
Дегенмен технологиялық инновациялардың революциясы басқа революцияға, яғни XV-XVI ғасырлардағы ғылыми революцияға алып келді. Ғылыми революция адамдарға эксперимент арқылы білім алуға мүмкіндік берді. Жаңа технология эксперимент арқылы ойлап табылса да, біраз уақыт өткеннен соң, жұмыс барысында қиындықтар туындауы əбден мүмкін. Ғылыми революцияның қосқан үлестерінің бірі ғылыми зерттеулер біздің табиғат əлемі туралы білімімізді кеңейтіп, технологиялық инновациялар барысында туындаған кедергілерді жеңуге мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде жаңа технологиялық өнертабыстарды ойлап табуға мүмкіндік берді. Ғылымға негізделген технологиялық инновацияның бұл жаңа эксперименталды əдісі – ғылыми революцияның нəтижесі. Сол себепті «Қытайда өнеркəсіптік революция неліктен болмады?» деген сұраққа жауап бергіміз келсе, ең алдымен, «Қытайда ғылыми революция неге болмады?» деген сұраққа жауап беруіміз керек.
Ғылыми революцияның мəні – математикалық модельдерді ғалам мен табиғаттың қызмет етуінің заңдылықтарын жалпылау үшін пайдалану, сонымен қатар бақыланатын эксперименттер арқылы математикалық модельдерден алынған гипотезаларды тексеру. Осы уақытқа дейін Қытай неге əлемнің қалай жұмыс істейтінін түсіндіретін осы жаңа əдісін қолданбады? Ғылыми революцияның орын алуы үшін табиғат құбылыстарына деген қызығушылық жəне халықтың білімді болуы керек. Табиғи құбылыстарға қызығу жəне оны білу туа біткен қабілет, ал халық саны көп Қытайда мұндай қабілетті адамдар көбірек болуы тиіс. Неліктен мұндай адамдар табиғи құбылыстарды зерттеудің жаңа əрі жақсы əдістерін ойлап таппады?
Мен оны Қытайдың əлеуметтік-саяси жүйесіне байланысты деп есептеймін. Қытайда қарапайым халық өкілі билеуші тапқа дейін көтеріле алатын бірегей императорлық емтихандар жүйесі болды. Дəстүрлі қоғамдарда шенеунік болу беделді əрі жақсы ақы төленетін жұмыс болды. Шенеунік болып қызметке орналасу халықты қатты қызықтырды. Сун династиясынан бастап Қытайдың емтихан жүйесі үміткерлерден Конфуций ілімінің «Төрт кітабы» мен «Бес классикалық шығармасын» білуді талап етті, сондықтан дарынды жастар императорлық емтихандарға дайындалу үшін Конфуций ілімдерін үйренді. Олардың математиканы оқуға немесе бақыланатын эксперименттерді жүргізуге құштарлығы болмады. Осылайша, Қытайда адами капитал да, қызығушылық та болмағандықтан, ғылыми төңкеріс те болмады.
Қытаймен салыстырғанда Батыста императорлық емтихан жүйесі жəне дарындардың математиканы үйреніп, бақыланатын эксперименттер жүргізуіне кедергі келтіретін əлеуметтік себептер болған жоқ. Табиғи құбылыстарға қызығушылық танытқан данышпандар математика жəне басқарылатын эксперименттер арқылы қызығушылықтарын қандырып, ғылыми революцияны жасады. Жергілікті ғылыми революциясыз жергілікті өнеркəсіптік революция да болмас еді.
Императорлық емтихан дарындарды таңдаудың ұлттық жүйесіне айналғанда, математика емтихан пəндерінің біріне айналды. Алайда император математиканы жақсы білетін адамдардың пайдасыз екенін, оған қарағанда императорға деген адалдық маңыздырақ екенін кейінірек түсінді. Конфуцийшілдік талантты дамыту, императорға адалдық жəне патриотизмге көбірек көңіл бөледі. Конфуций философиясы бойынша джентльмен болу үшін адамдарға мейірімді болу, заттарды жақсы көру жəне императорға адал болу керек. Тіпті аспан биік, ал император алыс болса да, адам өзіне қаталдық танытып, императорға адал болуы тиіс. Сөйтіп, қазіргі заманға дейінгі ақпараттық жəне басқару технологияларының артта қалуы жағдайында да Конфуций ілімі мен императорлық емтихан жүйесі Қытайға үлкен бірлік пен саяси тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді.
Конфуций іліміне негізделген императорлық емтихан жүйесі – институционалдық жаңалық. Өткен заманда, яғни басқарудың ақпараттық технологиялары артта қалған кезде бұл ыңғайлы болатын. Алайда мұндай институционалдық құрылым ғылыми революцияның кілті болған математикалық зерттеулер мен басқару эксперименттері үшін жарамсыз болды.
Батыс бастан өткерген ғылыми-өнеркəсіптік революциядан кейін аз уақыттың ішінде Қытай ең дамыған елден ең нашар дамыған елге айналды. Қытай һəм Батыс экономикасы мен қоғамын салыстыратын сүйікті дəйексөздерімнің бірі Чиполла мырзаның айтқаны. «Өнеркəсіптік революцияға дейінгі еуропалық қоғам жəне экономика 1000–1700» (Before the Industrial Revolution: European Society and Economy 1000–1700). Кітаптың соңғы сөйлеміне сүйенсек, 1000–1700 жылдар аралығында Батыс қоғамы негізінен аграрлық жəне «қараңғы дəуір» жағдайында болды. Бұл кезеңде Батыс Қытайға қарағанда кедей жəне артта қалған еді. Бірақ XVIII ғасырдан бастап жағдай өзгерді. Батыстың экономикалық, əскери жəне саяси күш-қуаты тез өсе бастағанда Қытай да əлемнің өзге дамушы елдері сияқты ағылшын жəне басқа батыстық державаларының қысымына ұшырап, жартылай отаршыл, жартылай феодалдық қоғамға айналды. Бұл Қытайда өнеркəсіптік революцияның болмауынан туындады.
Қытай неге 1978 жылдан кейін өркендеді?
Қытайды қалай жаңғыртуға болады? Бұл сұрақтың жауабын қазіргі Қытайдың интеллектуалды элитасы іздестіруде. Апиын соғысынан кейін Қытайдың зиялылары əртүрлі, яғни батыстандыру, технологияны енгізу, əскери күшті нығайту, революция арқылы монархияны құлату, жаңа демократиялық жəне ғылыми мəдени қозғалысты бастау, социалистік мемлекет құру əдістерін қолданып көрді. Алайда 1978 жылғы реформалар басталғанға дейін Қытай кедей əрі артта қалған ел болып қала берді. Қытай неге 1978 жылдан кейін тез дами бастады? Реформа мен ашықтық саясатынан кейінгі 38 жылдың ішінде Қытай ЖІӨнің орташа жылдық өсу қарқынын 9,6% жəне сауданың өсу қарқынын 14,8% деңгейінде ұстап қалды. Мұндай жоғары өсу қарқынын осыншама уақыт бойы ұстап тұру – экономика тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай. Қарқынды өсудің нəтижесінде Қытай 2009 жылы Жапонияны басып озып, дүниежүзіндегі екінші экономикаға айналды. Ал 2010 жылы Германияны басып озып, дүниежүзіндегі ең ірі экспорттаушы мемлекетке айналып, «əлем фабрикасы» атанды.
Қытайдың жетістіктері қайдан келді?
Өнеркəсіптік революциядан кейін Ұлыбритания əлемдік фабрикаға айналды. Содан кейін кезек АҚШ, Германия, Жапонияға, соңында Қытайға келді. 2013 жылы Қытай АҚШты басып озып, əлемдегі ең ірі сауда державасына айналды; 2014 жылы Қытай сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша əлемдегі ең ірі экономикаға айналды. Соңғы 40 жыл неге өзгеріске толы болды? Егер Джозеф Нидхэм қазір Қытайдың болашағына қатысты сұрақтарды қайта қарастырса, жаңа «Джозеф Нидхэмнің жұмбағы» туындауы мүмкін.
Қытай неге 1978 жылдан кейін тез дами бастады? Менің жауабым күрделі емес: Қытайдың 1978 жылдан кейінгі қарқынды өсуі оның «кешеуілдеп қалған ел» болғанына байланысты. Экономикалық даму дегеніміз еңбек өнімділігінің тұрақты өсуіне байланысты жан басына шаққандағы ЖІӨ мен табыстың тұрақты өсуі. Бұған қалай қол жеткізуге болады? Жаңа құрылымдық экономика тұрғысынан қарағанда қолда бар салаларда тұрақты технологиялық инновациялар, жоғары қосылған құны бар жаңа өндірістердің пайда болуы жəне барлық еңбек ресурстарын төмен қосылған құны бар салалардан жоғары қосылған құны бар салаларға қайта бөлу қажет. Технологиялық инновациялардың жылдамдауы мен өнеркəсіптік жаңғырту тек өнеркəсіптік революциядан кейін мүмкін болды.
Алдыңғы қатарлы табыс деңгейі жоғары елдерге келетін болсақ, олардың технологиясы мен өнеркəсібі өнеркəсіптік революциядан бастап əлемде алдыңғы орын алып келеді. Дамыған елдер үшін технологиялық инновация дегеніміз нені білдіреді? Бұл технологиялық өнертабыс дегенді білдіреді. Өнеркəсіпті жаңғырту дегеніміз не? Бұл өнеркəсіпте жаңа салаларды ойлап шығару. Өнертабыс үшін елеулі инвестиция құю қажет, сондай-ақ ол үлкен тəуекелді талап етеді. Эмпирикалық деректер XIX ғасырдың ортасынан бастап Ұлыбритания, Батыс Еуропа жəне Солтүстік Американы қоса алғанда, табыс деңгейі жоғары елдердің ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 3% шамасында болғанын көрсетеді.
Табысын арттырғысы келетін дамушы елдер еңбек өнімділігін де арттыруы керек. Жаңа салалар мен технологияларды ойлап табумен қатар, дамушы елдер өздерінің қолданатын технологияларын емес, табысы деңгейі жоғары елдердің жетілген технологияларын алып пайдаланса немесе қазіргі салаларына қарағанда қосылған құны жоғары жетілген салаларды дамытса болады. Мұндай технологиялар мен өнеркəсіптік үлгілер инновациялар мен өнеркəсіптік жаңғыртудың шығындары мен тəуекелдерін айтарлықтай төмендетеді. Егер дамушы елдер осы артықшылықтарды толықтай пайдалана алса, олар дамыған елдерге қарағанда тезірек дами алады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін əлемде дамыған елдермен технологиялық жəне өнеркəсіптік алшақтықты теңдестіре алған 13 мемлекет қана болды. Олар 25 жылдан астам уақыт бойы жылына орта есеппен 7% өсті. Қытай 1978 жылдан бері осы 13 елдің қатарында. Осылайша, өнеркəсіптік революцияның мəнін түсінуге арналған екінші сұрақтың жауабы да жеңіл. Дамушы жəне жоғары табысты елдер арасындағы табыс алшақтығы технологиялық жəне өнеркəсіптік алшақтықты да білдіреді. Егер дамушы елдер технологиялық инновациялар мен өнеркəсіпті жаңғыртуда пайда болған артықшылықтарды толықтай пайдалана алса, олар қарқынды өсуге қол жеткізе алады.
Қытай не себепті 1978 жылға дейін баяу дамыды?
1978 жылға дейін «кешіккеннің» бір ғасыр бойына артықшылығы болды. Бұл алшақтық британдық өнеркəсіптік революциядан бері сақталды əрі өсті. XVIII ғасырдың басында Қытайдың үлесіне əлі де əлемдік ЖІӨ-нің үштен бірі келетін. Бірақ 1949 жылға қарай бұл үлес 4,2%-ға дейін төмендеді. Бұл дегеніміз Қытай мен дамыған елдердің арасындағы алшақтықтың артуын білдіреді. Ал 1978 жылы ол тек 4,9%-ды құрады. «Кешіккеннің» артықшылығы əрқашан болуы керек, бірақ оны Қытай 1978 жылға дейін неге пайдаланбады? Мен бұған «Қытай бұл артықшылықтан өз еркімен бас тартты» деп жауап берер едім. Қытайдың Апиын соғысында жеңіліске ұшырағаннан кейінгі негізгі мəселесі оның ұлы жаңғыруы болды. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылып, саяси тəуелсіздігін алды. Ол кездегі мемлекеттің мақсаты дамыған елдерді тезірек қуып жету еді. Қытай үкіметінің сол кездегі стратегиясы «Ұлыбританияны басып озып, АҚШ-ты қуып жету» болатын. Дамудың бұл бағыты Қытайдың сол кездегі Ұлыбритания мен АҚШ сияқты алдыңғы қатарлы, капиталды көп қажет ететін, ауқымды өндірісті құруға бірден ұмтылғанын білдірді. Алайда бұл алдыңғы қатарлы салалар патентпен қорғалды, оларды ендіру үшін үлкен көлемде роялти төлеуге тура келді. Оның үстіне, бұл салалар ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздікке қатысты болғандықтан, дамыған елдер қаласа да патенттік аударым төлегісі келмейді. Сондықтан Қытай бұл салаларды дамытқысы келсе, оны өзі ойлап табуға мəжбүр болады, осылайша, кешіккеннің артықшылығынан айырылады.
Ол уақытта Қытай капиталды көп қажет ететін салаларда салыстырмалы артықшылығы жоқ, аграрлы кедей ел болды. Капиталы төмен Қытайда инвестициялық шығындар капиталға бай дамыған елдерге қарағанда əлдеқайда жоғары болды. Мұндай салалардағы кəсіпорындар дамушы елдердегі нарықтық қағидаларда – ашық бəсекелі нарықта өздігінен дами алмайды. Мұндай өндірістерді құру ресурстарды тікелей тартуды жəне бөлуді, сондай-ақ нарыққа араласу мен бұрмалау арқылы барлық мүмкін болатын қорғау мен көмекті қажет етеді. Алайда нарыққа мемлекеттің араласуынан туындаған бұрмаланулар ресурстардың дұрыс бөлінбеуіне əкеледі. Дамудың бұл тəсілінің əсерінен Қытайда 1960 жылдары атом бомбалары сыналды, сондай-ақ 1970 жылдары жер серіктері ұшырылды, бірақ елдің жалпы даму деңгейі төмен болды. 1949 жылдан 1978 жылға дейін Қытайдың əлемдік экономикадағы үлесі небəрі 4,2%-дан 4,9%-ға дейін өсті.
1978 жылы Қытай өзінің салыстырмалы артықшылығына сəйкес еңбекті көп қажет ететін салаларды дамыту мақсатында даму стратегиясын өзгертті. Мемлекет бəсекелік артықшылықтарды тудыру, ішкі жəне сыртқы нарықтарды жаулап алу, жаңғыртудан артта қалған салалар мен технологияларды қолдану мақсатында салыстырмалы артықшылықтарды өзгерту жəне капиталды жинақтау үшін жағдаятты пайдаланғанда экономика қарқынды дами бастады.
Өтпелі экономикасы бар елдерде не себепті экономикалық күйреу, тоқырау жəне тұрақты дағдарыстар болып тұрады?
Мұндай талдау біз үшін тағы бір дилемма тудырады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін барлық социалистік елдер капиталды көп қажет ететін дамудың сталиндік үлгісін ұстанды. Латын Америкасы, Оңтүстік Азия жəне Африканың социалистік емес елдері де өздерінің бірінші буындағы саяси көшбасшыларының көмегімен отаршыл жəне жартылай отаршыл елдерден бөлініп, елдерінің заманауи, табысы жоғары индустриялық мемлекеттерге айналуын армандады. Сол себепті 1950–1960 жылдары барлық əлеуметтік типтегі елдер аграрлық экономикаға негізделген капиталды көп қажет ететін өндірістерді дамыту үшін тікелей мемлекеттік жұмылдыру мен ресурстарды бөлуге көшті. Бірақ олардың «кешіккендердің» артықшылыған пайдалана алмауы жəне үкіметтерінің əлсіз араласуынан дамыған елдермен арадағы алшақтықтары ұлғайды.
1980–1990 жылдары Қытай жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көше бастағанда басқа дамушы елдер де нарықтық экономикаға көшу процесінде болатын. Алайда бұл өтпелі кезең сол уақытта үстемдік еткен британдық тэтчеризмнің, американдық рейганизм мен неолиберализмнің ықпалымен жүзеге асты. Сол кезде дамушы елдердің төмен экономикалық көрсеткіштері олардың экономикасына мемлекеттің шектен тыс араласуы себеп деген пікір басым болатын. Дамушы елдерде жоғары табысы бар елдердегідей дамыған нарықтық экономика жəне меншік құқығын қорғау болмады. Сондықтан сол кезде жекешелендіру, ырықтандыру, нарықтық жəне қаржылық тұрақтандыруды ынталандыру һəм мемлекеттің экономикаға араласуының барлық түрлерін жою арқылы жетілген нарықтық экономиканы құру жəне экономикалық көрсеткіштерді жақсарту үшін түбегейлі «талдырма терапиясын» жүргізу ұсынылды. Көптеген елдер осы трансформациялау стратегиясын ұстанды, бірақ оның нəтижесі күйреу, тоқырау мен дағдарысқа алып келді.
1980–1990 жылдары дамушы елдердің экономикалық көрсеткіштері 1960–1970 жылдардан да нашар болды. Кейбір экономистер 1980–1990 жылдары орташа жылдық өсу қарқынының төмендеп, дағдарыстардың жиі болуынан дамушы елдер үшін «жоғалған жиырма жыл» деп атады. Бұның себебі неде? Өйткені неолиберализм мемлекеттің нарыққа араласуының бұрмалаушы əсері ашық бəсекелі нарықта өз бетімен өмір сүре алмайтын капиталды көп қажет ететін салалардағы компанияларды қорғау екенін мойындай алмады. Егер барлық қорғау үшін бөлінетін субсидиялар алынып тасталса, бұл компаниялар банкротқа ұшырайды. Егер мемлекет кəсіпорындардың банкротқа ұшырауына жол берсе, жаппай жұмыссыздық пен тұрақсыз əлеуметтік-саяси жағдай туындайды. Мұндай жағдайда экономика дами алмайды. Сонымен қатар кейбір алдыңғы қатарлы капиталды көп қажет ететін салалар елдің əскери жəне қорғаныс саласымен тығыз байланысты болса, мысалы, қазіргі Ресейдегідей ұлттық қауіпсіздік мақсатында жекешелендірілсе, мемлекет бұл кəсіпорындардың банкротқа ұшырауына жол бермейді. Сондықтан жекешелендіруден кейін мемлекет бұл кəсіпорындарды қорғауды жəне субсидиялауды жалғастырады. Бұл кəсіпорындар мемлекет меншігінде болған кезде, оларды үкіметке «субсидиясыз өмір сүре алмаймыз» деп айтқан мемлекеттік қызметкерлер басқарды. Мемлекеттің қорғау үшін бөлген субсидиясы аясында қаржыны өз қалтасына салу сыбайлас жемқорлық қылмысы, бірақ аз мөлшерде жəне тыныш жасалуы мүмкін.
Кəсіпорындар жекешелендірілген кезде, олар үкіметтің қорғаушы субсидияларына қол жеткізуге ынталанады. Олар мемлекеттен неғұрлым көп субсидия алса, соғұрлым қаржыны заңды əрі табиғи түрде өз қалталарына салады. Субсидия алу үшін олар шенеуніктерге жүгініп: «Маған бөлген субсидияларыңыз сіздердің ақшаларыңыз емес, мемлекеттің ақшасы», – дейді. Жалға алудағы сыбайлас жемқорлық күшейіп, еңбек өнімділігі өтпелі кезеңнен де төменге түсті. Неолиберализмнің ниеті жақсы болды, бірақ ол экономикалық күйреуге, тоқырауға жəне тұрақты дағдарыстарға əкелді.
Өтпелі кезеңде Қытай қалай тұрақтылықты сақтап, қарқынды өсуге қол жеткізді? Қытай басқаша, яғни екі қатарлы біртіндеп көшу стратегиясын қабылдады. Қытай «жаңа» жəне «ескі» жолдың екеуін де ұстанып, дəстүрлі капиталды көп қажет ететін негізгі салаларда өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын компанияларға қорғаушы субсидияларды бөліп, салыстырмалы артықшылықтарға негізделген еңбекті көп қажет ететін салаларға еркіндік берді. Бастапқыда Қытай инфрақұрылымының дамуы айтарлықтай артта қалған еді, ал халықаралық нарықта бəсекелік артықшылыққа ие болу үшін салыстырмалы артықшылығы бар еңбекті көп қажет ететін салалар үшін инфрақұрылымды дамыту өте маңызды болды. Алайда бүкіл елдегі инфрақұрылымды бірден дамыту мүмкін емес еді. Сондықтан Қытайда жаңа инфрақұрылымды дамытатын Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) мен индустриялық парктер құрылды. Алғашқы кезде Қытайда көптеген бұрмаланушылық пен нашар іскерлік орта болды. Сондықтан үкімет арнайы экономикалық аймақтар мен индустриалды парктерде кешенді қызметтерді енгізді. Дүниежүзілік банктің мəліметі бойынша, əлемде Қытайдың бизнес ортасының көрсеткіштері төмен орынды алады. Дегенмен АЭА мен индустриалды парктерге инвестиция салатын жəне жұмыс істейтін компаниялар үшін Қытайда бизнесті жүргізу шарттары əлемдік рейтингтегі ең жоғары көрсеткіштердің қатарында. Екі қатарлы прогрессивті реформа аясында Қытай тұрақтылықты сақтап, экономикалық өсуге жылдам қол жеткізу үшін кеш инвестор ретіндегі артықшылығын тиімді пайдаланды. Бұл əртүрлі өзгерту стратегиялары шарттарынан туындайтын өзгерістердің тиімділігінің айырмашылығы.
Ендігі айтайын дегенім, 1980–1990 жылдардағы басты халықаралық пікір: «Егер біз жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшеміз десек, «талдырма терапиясын» қарастыруымыз керек, екі қатарлы жүйе түрлендірулердің ең нашар жолы. Өткенге көз жүгіртсек, ең жақсы деп саналған əдіс ең нашар, ал ең нашар əдіс ең жақсы болып шықты».
Қытайдың жылдам экономикалық өсуінің шығындары
Қытайдың екі қатарлы жүйеге біртіндеп көшуінің құны сыбайлас жемқорлық пен табыс теңсіздігі болды. Дəстүрлі капиталды көп қажет ететін салалар мемлекеттік субсидияларды қажет ететіндіктен, бұл субсидиялар экономикалық рентаны тудырады. Ал бұл өз кезегінде рента арқылы алынатын жемқорлыққа жəне кедейлердің байларды субсидиялауына алып келеді. Мысалы, дəстүрлі салалар капиталды көп қажет етеді жəне капитал құны шешуші орын алады. Өтпелі кезеңнің басында Қытайдың экономикасы нашар, капиталы жоқ еді. Сонда үкімет бұл салаларға қалай субсидия бөлді? Капиталды көп қажет ететін салаларды қаржыландырудың бір жолы ірі банктер мен қор нарығын оларға арзан ақша құю үшін пайдалану болды: 1980–1990 жылдары бұл компаниялар үлкен көлемді капиталға қол жеткізіп қана қоймай, жасанды түрде төмен пайыздық мөлшерлемелер мен қор нарығындағы қаржыландыру құнын пайдаланды. Алғашқы кезде барлық кəсіпорындар мемлекеттік болды, бірақ екі қатарлы жүйенің шарттарына сай көптеген жекеменшік фирма жаңа секторға тез қосылып кетті. Бүгінде көптеген кəсіпорын ірі болып табылады. Ірі бола тұра, олар банктерден несие алып, қор нарығында қаражат тарта алады. Бұл ірі кəсіпорындардың иелері дəулетті, олар ірі банктерден немесе қор нарығынан несие ала алмайтын қарапайым шаруалардың, отбасылардың, шағын жəне орта бизнестің (ШОБ) есебінен қаржыландырылады. Олар өздерінің капиталдарын қаржы жүйесіне салады, жасанды түрде төмен банктік пайыздарды алады, қор нарығынан табыс көреді, сондай-ақ осы ірі корпорацияларға иелік ететін байларды субсидиялайды. Осылайша, кедейлер байларды субсидиялайды, бұл табыс теңсіздігін арттырады. Сонымен қатар осы несиелер мен листингтерді алу үшін ірі компаниялар несиелер мен листингтерді бөлетін мемлекеттік шенеуніктерге пара беріп, сыбайлас жемқорлықтың кең таралуына жағдай жасайды. Бұл тек бір ғана мысал. Оның ішінде бұрмаланған салық салу жəне ресурстарға роялти, телекоммуникация, электр энергиясы жəне қаржы секторларындағы монополиялар мен олардан түсетін монополиялық кіріс, сондай-ақ олармен уағдаласқан ренталық əрекеттер сияқты көптеген мəселе бар.
Бұл мəселелерді қалай шешуге болады?
1980–1990 жылдары капиталды көп қажет ететін салалар өздерінің салыстырмалы артықшылығын жоғалтқандықтан, кəсіпорындар өз бетінше кіріс кіргізе алмағандықтан, компаниялар үшін қорғаушы субсидиялардың бөлінуі экономикалық тұрақтылықты сақтауға қажетті жеңілдік жəне прагматикалық тəсіл болды. Алайда қырық жыл бойына ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқынын 9,6%-да сақтай отырып, Қытай табысы төмен елден орта табысы бар елге айналды. 2016 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 8100 АҚШ долларын құрады, капиталы салыстырмалы түрде молайды. Бұрын ірі əрі капиталды көп қажет ететін салалар қазір Қытайдың салыстырмалы артықшылығына айналды, олар ашық əрі бəсекелі нарықта жұмыс істей алады. Егер бұл кəсіпорындар дұрыс басқарылса, нарықта тиімді кіріс алу мүмкіндігіне ие болуы керек. Қорғаушы субсидияларының сипаты «қажет болған кезде көмек көрсетуден» «артықшылық беруге» өзгерді. Бұл дегеніміз бұрын бұл мемлекеттік субсидиялар көмектесуге бөлінсе, бүгінде артықшылыққа айналды. Əрине, бизнес үшін де артықшылықтар маңызды. Бірақ қоғам үшін бұл саяси жəне əлеуметтік құнды білдіреді.
Реформалар заман талабына сай болып, капиталды көп қажет ететін кəсіпорындарды субсидиялау мен дуальды қорғау жүйесінен мұраға қалған нарыққа араласудың жəне бұрмалаудың барлық түрлерін жоюға тиіс. 2013 жылы ҚКП 18- шақырылымы үшінші пленумы реформаларды жан-жақты тереңдетуге шақырып, «ресурстарды бөлуде нарықтың шешуші рөл атқаруын талап етуді жəне мемлекеттің рөлін күшейтуді» ұсынды. Нəтижесінде ресурстарды бөлуде нарықтың шешуші рөл атқаруын қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Бұл шешім Қытай үшін барлық бұрмалаушылықтарды жою уақытының келгенін білдіреді. Егер Қытай мұны жасай алса, жемқорлық пен табыс теңсіздігінің түпкі себептерін жойып, соңында жақсы жұмыс істейтін нарықтық экономиканы құра алады.
Қытай əлі де жылдам өсу əлеуетін сақтай ала ма?
Қытайдың əлі де жылдам өсу əлеуеті бар ма? Алдыңғы талдауларға сүйенсек, бұл Қытай мен кірісі жоғары елдер арасындағы технологиялық алшақтықтың қаншалықты үлкен екеніне байланысты. Технологиялық алшақтықты қалай өлшеуге болады? Мен ол үшін жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің алшақтығын қарастыру ең дұрыс жол деп есептеймін. Жан басына шаққандағы ЖІӨ технологиялық дамудың орта деңгейін көрсетеді, өйткені ол елдің орташа еңбек өнімділігі болып саналады. Ангус Мэддисон 2008 жылға дейін жариялаған тарихи статистикаға сүйенсек, 2008 жылы Қытайдың жан басына шаққандағы ЖІӨ-і сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша есептелген АҚШ-тың жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің 21%-ын құрады.
1951 жылы Жапония, 1967 жылы Сингапур, 1975 жылы Тайвань (Қытай) жəне 1977 жылы Корея да осындай қарқынмен өсті. Шығыс Азияның осы 4 елі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 25 жыл қатарынан орташа жылдық өсу қарқыны 7%-дан асқан 13 елдің қатарына кіреді. Осы 4 елдің жан басына шаққандағы ЖІӨ-і АҚШ-тың ЖІӨ-нің 21%-ын құрайтынын ескерсек, олар 20 жыл ішінде орташа жылдық өсу қарқынын 8- 9%-ға жеткізу үшін өздерінің «кешіккенінің» артықшылығын пайдаланды. «Кешіккеннің» артықшылығы тұрғысынан қарағанда Қытайдың 2008 жылдан бастап келесі 20 жыл ішінде орташа жылдық өсу қарқынын 8%-ға жеткізу мүмкіндігі бар.
Қытайдың 2028 жылға дейін орташа жылдық өсу əлеуеті жылына 8%-ы құрайды. Дегенмен əлеует дегеніміз тек мүмкіндік. Осы мүмкіндікті шындыққа айналдыру үшін Қытай ішкі реформаларын тереңдетіп, екі қатарлы жүйеден мұра болып қалған түрлі қателіктерді жойып, Қытайдың бақылауынан тыс дүниежүзілік экономиканың сыртқы жағдайына назар аударуы қажет. 2008 жылғы АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыстан кейін дүниежүзілік экономика баяулады жəне өсу қарқыны ұзақ уақыт бойына баяу болуы мүмкін. Əйтсе де, егер Қытай өз ойын азат етіп, шындықты фактілерден іздеп, қолайлы ішкі жағдайларды пайдаланып, ұсыныстың құрылымдық реформаларын жалғастырса, алдағы онжылдықта өсу қарқынын кем дегенде 6% сақтайтынына сенімдімін. Өсу қарқыны 6% нені білдіреді? 2016 жылы Қытайдың дүниежүзілік экономикадағы үлесі сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша 18,6% жəне нарықтық айырбас бағамы бойынша 14,9%-ды құрады. Өсу қарқыны 6% дегеніміз Қытайдың жыл сайынғы əлемдік экономикалық өсуінің шамамен 1%-ын құрайтынын білдіреді. Қазіргі таңда дүниежүзілік экономиканың өсу қарқыны шамамен 3%-ды құрайды, ал Қытай жыл сайын əлемдік экономикалық өсудің шамамен 30%-ын құрайды. Алдағы онжылдықта Қытай əлемдік экономикалық өсудің қозғаушы күші болып қала береді.
Сонымен, XVIII ғасырға дейін халық саны көп Қытайдың артықшылығы – технологиялық инновациялар көбінесе шаруалар мен қолөнершілердің тəжірибесінен туындады. Технологиялық прогрестің парадигмасы жинақталған тəжірибеден ғылыми деректерге негізделген экспериментке ауысқанда, Қытай тез артта қалып кетті. Императорлық емтихан жүйесі мен конфуцийшілдік Қытайдың əлеуметтіксаяси тұрақтылығы мен біртұтастығын сақтауға ықпал етті, бірақ технологиялық прогрестің парадигмасының ауысуына кедергі келтірді. Нəтижесінде Қытайдың Батыстан артта қалуы оның Батысты экономикалық тұрғыдан қуып жетуге «кешіккеннің» артықшылығы бар екенін білдіреді.
1978 жылғы реформаларға дейінгі Қытай, басқа да дамушы елдердің көпшілігі сияқты, өзінің «кешіккенінің» артықшылығын пайдаланып экономикалық дамуын жеделдетудің жолын таппады. Тек 1978 жылдан кейін ғана Қытай дұрыс жолға түсті. Алайда дəстүрлі капиталды көп қажет ететін ауыр өнеркəсіп кəсіпорындарының басым көпшілігінің дербестігінің болмауына байланысты жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу басыбайлықтан босату жəне екі қатарлы жүйені шынайы ілгерілету арқылы ғана жүзеге асыруға болатын еді. Бұл экономикалық жəне əлеуметтік тұрақтылықты сақтаумен қатар қуатты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ақыл-ойды босатып, екі қатарлы жүйені прагматикалық түрде алға жылжыту арқылы ғана Қытайдың экономикасы дамып, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуге қол жеткізе алады. Егер Қытай осы ашық əрі прагматикалық позициясын əрі қарай ұстанса, болашақта экономикалық дамудың салыстырмалы түрде жоғары қарқынын сақтап, дамыған елдерді қуып жетіп, өзінің ұлы жаңғырту арманын жүзеге асыра алады деп есептеймін.
Қытайдың даму тəжірибесі басқа дамушы елдердің зерттеуіне тұрарлық. Барлық дамушы елдер табысы деңгейі жоғары елдерге айналғысы келеді. Дүниежүзілік банкте жұмыс істеген кезімде, бүкіл əлемді араладым. Сол кезде дамушы елдердің көшбасшыларының өз елдерін модернизациялау мен индустрияландырудағы амбициялары Қытай көшбасшыларымен бірдей екенін, бірақ олардың бұрыс жолмен бара жатқанын байқадым. Олар əрқашан табыс деңгейі жоғары елдерді бастапқы нүкте ретінде алып, əр қадамдарында сол елдердің теориялары, тұжырымдамалары мен тəжірибелеріне еліктейді, бірақ барлық күш-жігерге қарамастан, нəтижесі көңіл көншітпейді. Сондықтан мен құрылымдық экономиканың жаңа түрін ұсындым. Құрылымдық экономиканың бұл түріне сəйкес дамушы елдер өздерінде бар нəрселерден, яғни сол уақыттағы қолжетімді факторлық ресурстардан, өздері жақсы жасай алатын нəрселерден, яғни өздерінің салыстырмалы артықшылықтарынан бастауы керек. Осылайша, үкіметтің белсенді басшылығымен нарықтық экономикада өздерінің кəсіпорындарының жақсы жұмыс істеуіне жəне нығаюына көмектеседі. Табыс деңгейі төмен, еңбек пен табиғи ресурстарға бай, бірақ капиталға кедей елдер өздерінің салыстырмалы артықшылықтарына сай келетін салаларын дамытуы керек. Бұл елдер өз салаларының потенциалды салыстырмалы артықшылықтарын ұлттық бəсекелік артықшылықтарға айналдыру үшін мемлекеттің басшылығымен жағдайды пайдалануы керек. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру жəне өткеннің қате саясатынан туындаған əртүрлі қателіктерді түзету кезінде үкімет прагматикалық тəсілдермен саяси жəне əлеуметтік тұрақтылықты сақтауы керек. Егер дамушы елдер мұны жасай алса, олар «кешіккендердің» артықшылығын тиімді пайдалана алады жəне бірнеше жыл бойы жылына орташа 8% немесе тіпті 10%-ды құрайтын жоғары экономикалық өсу қарқынын сақтай алады. Бұл оларға табыс деңгейі төмен елдерден орта немесе тіпті табыс деңгейі жоғары елдерге айналуға мүмкіндік береді.
Дамыған елдерде үлкен сыртқы нарық құрумен қатар, егер дамушы елдердің халқы өз елдерінде жұмыс таба алса, бұл дамыған елдердің дамуы мен əлеуметтік тұрақтылығына да ықпал етеді. Себебі Африкадан немесе басқа да табысы төмен елдерден қазіргідей Батысқа жаппай заңсыз иммиграция орын алмайды.
1.2. Қытайдың экономикалық өсуінің қозғаушы күші не?
«Қытайдың экономикалық өсуінің қозғаушы күші не?» тақырыбы 1978 жылғы Реформа мен ашықтық саясатынан кейін елдің экономикасының қарқынды дамуына байланысты көтерілді. 40 жыл бұрын Қытай əлемдегі ең кедей үшінші ел болатын. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, 1978 жылы Қытайдың жан басына шаққандағы ЖІӨ бар болғаны 156 АҚШ долларын құрады, бұл Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінің орташа көрсеткішінің үштен бірінен де аз еді. Алайда 1978 жылдан бері Қытай түбегейлі өзгерді.
1978 жəне 2017 жылдар аралығында Қытайдың ЖІӨ орташа жылдық қарқынмен 9,5% өсті. Халық саны көп кедей елдің осы уақыт аралығында жоғары қарқынды экономикалық өсуге қол жеткізуі адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай. Осындай өсу қарқынымен 2017 жылы Қытайдың жан басына шаққандағы ЖІӨ 8,8 мың доллардан асты. Соңғы 40 жылда 700 миллионнан астам адам кедейшіліктен құтылды.
Болашаққа көз жүгіртсек, 2025 жылға қарай Қытайдың жан басына шаққандағы ЖІӨ 12 700 долларға жетіп, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін табысы төмен деңгейлі экономикадан табысы жоғары деңгейлі экономикаға айналған Тайвань мен Оңтүстік Кореядан кейінгі үшінші ірі экономика болады деп күтілуде.
1. Бұл мақала автордың 2018 жылы 25 қаңтарда Давоста «Tencent News» жəне Бейжің университеті бірлесіп ұйымдастырған «Өсу форумында» сөйлеген сөзіне негізделген. «Жауапкершілік: Қытай əлемнің болашағына үлес қосады» атты негізгі баяндамалар жинағы.
Қытайдың соңғы 40 жылдағы қарқынды экономикалық өсуінің нақты себебі не?
Мен экономист ретінде Қытай халқының өз өмірін жақсарту жолындағы тынымсыз талпынысын, табыс табу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланатын кəсіпкерлердің іскерлік рухын жəне барлық деңгейдегі мемлекеттік шенеуніктерінің қызметте «өмір бойы халыққа қызмет ету жəне бір партияның мүддесі үшін жұмыс істеуге» ұмтылуын түсіндіре аламын. Бұл Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) басшылығымен өркендеу жолындағы қажырлы еңбектің арқасында екені сөзсіз. Дегенмен мұндай динамика Қытайда 1978 жылға дейін де болды жəне басқа елдерде де бар.
Дүниежүзілік банктің бас экономисі ретінде мен Африка, Латын Америкасы, Орталық жəне Оңтүстік Азияның көптеген елдерінде болдым. Ондағы адамдардың еркі мен тілегі бір, кəсіпкерлер мен əлеуметтік элитаның даналығы мен ұмтылысы бір, ал үкіметтер өз елдерін өркендеткісі келеді. Демек, шын мəнінде маңызды мəселе Қытайдың экономикалық дамуының қозғаушы күші не болғаны емес, оның соңғы 40 жыл ішінде қарқынды өсуіне не түрткі болғаны. Бұл сұраққа жауап беру үшін мен өзімнің экономикалық даму теориямды, яғни Жаңа құрылымдық экономиканы ұсынуды қажет деп санаймын. Мен экономикалық даму дегеніміз табыстың тұрақты өсуі деп есептеймін. Бұны тек жүйелі құрылымдық өзгерістер, соның ішінде еңбек өнімділігі деңгейін арттыру үшін үздіксіз технологиялық инновациялар мен өнеркəсіптік жаңартулар, сондай-ақ транзакциялық шығындарды азайту үшін қатаң жəне жұмсақ инфрақұрылымды үздіксіз жақсарту арқылы қол жеткізуге болады. Сонда ғана жұмысшылар мен шаруалардың еңбек өнімділігі мен табыс деңгейі көтеріліп, тұрмысы жақсарады.
Бұл құрылымдық өзгерістер кəсіпкерлерден нарықта бəсекелі болуды, табысты өсірудің жаңа көздерін табуды, жаңа технологияларды енгізу жəне жаңа өндірістерді дамыту арқылы тəуекелге бел бууды талап етеді. Өз кезегінде мемлекеттің рөлі өте маңызды. Мемлекет кəсіпкерлік үшін қажетті ынталандыруды жасап, транзакциялық шығындарды азайту жəне оларды нарықтағы бəсекелік артықшылыққа айналдыру мақсатында жаңа өндірістер үшін қажетті қатаң жəне жұмсақ инфрақұрылыммен қамтамасыз етуі керек.
Қысқасы, мен экономикалық өсу тиімді нарықтар мен өз рөлін атқаратын үкіметтердің органикалық үйлесуінің нəтижесі деп санаймын.
Бұл формуланы Қытай сияқты дамушы елдерге ғана емес, АҚШ пен Еуропа елдері сияқты табыс деңгейі жоғары елдерге де қолдануға болады. Айырмашылығы төмендегідей: табыс деңгейі жоғары елдердің технологиялары мен салалары əлемде алдыңғы қатарда, бірақ жаңа технологияларды дамытып, жаңа өндіріс салаларын құру үлкен инвестиция мен тəуекелді керек ететін тəуелсіз инновацияны қажет етеді. Табыс деңгейі төмен дамушы елдер үшін технологиялық инновациялар мен өнеркəсіпті жаңарту оларға дамыған индустриалды елдердің жетілген технологиялары мен салаларын төмен шығындар жəне тəуекелмен пайдаланып, дамыған елдерге қарағанда тезірек өсуге мүмкіндігі бар. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін əлемнің 13 экономикасы осы əлеуетті пайдаланып, 25 жыл ішінде жылына 7%-дан астам өсу қарқынына қол жеткізді. 1978 жылдан бастап бұл тізімге Қытай да қосылды.
Демек, Қытайдың Реформалар мен ашықтық саясатынан кейінгі 40 жылдағы жеткен жетістіктері бірқатар факторларға байланысты. Ал «кешіккендердің» артықшылығы – өте маңызды факторлардың бірі. Қытай табыс деңгейі ортадан жоғары елге айналғандықтан, болашақтағы экономикалық дамудың жаңа серпіні қайда? Қытайдың көптеген саласы қазірдің өзінде əлемде алдыңғы қатарда орын алады. Бұл салалар дамыған елдердегі сияқты тəуелсіз зерттеулер мен əзірлеулер арқылы дамуға қажетті жаңа технологиялар мен өнімдерді жасады. Алайда 2017 жылы Қытайдың жан басына шаққандағы ЖІӨ 8800 доллардан асты, салыстырмалы түрде АҚШ-та бұл көрсеткіш 60 000 доллар. Бұл дегеніміз АҚШ сияқты дамыған елдер һəм Қытайдың өнеркəсібі мен технологиясы арасында əлі де үлкен алшақтық бар. Болашақта тəуелсіз инновацияны дамудың қозғаушы күші ретінде пайдаланып, экономикалық дамуға ықпал ету үшін ғылыми-техникалық дамудың бағытын үйреніп, зерттеп, ілесу қажет.
Сөйтіп, Қытай дамыған елдерге қарағанда қарқынды дамып, табысы орта елдердің деңгейінен асып түсіп, табысы жоғары елге айналуға потенциалы бар. Бұл потенциал қаншалықты үлкен? Алдыңғы мақалада біз ішкі өсудің қолайлы жағдайларында, Қытайдың 2030 жылға дейін 6% немесе одан да көп пайызға өсу қарқынына қол жеткізу мүмкіндігін талдадық. Сол уақытқа дейін Қытай жыл сайын əлемдік өсуге 30% немесе одан да көп үлес қосатын нарықтық айырбас бағамы бойынша əлемдегі ең ірі экономикаға айналады.
Қытайдың табысы жоғары елге жəне əлемдегі ең ірі экономикаға айналуы барысында оның əлем алдындағы жауапкершілігі арта түседі, өйткені ол өзі дамыған сайын басқа дамушы елдердің де дамуына көмектесуі қажет.
Мен экономист ретінде көп жағдайда əр елдегі экономикалық өсудің қозғаушы күштері бірдей деп есептеймін: адамдар жақсы өмір сүргісі келеді, кəсіпкерлер өз дағдыларын дамытып, жақсы табыс тапқысы келеді, ал үкіметтер өркендегісі келеді. Дегенмен көптеген елдер орта немесе тіпті төмен табыс деңгейінің тұзағынан құтыла алмады. Мəселенің түйіні осы: осыған ұқсас даму 1978 жылға дейін Қытайда байқалды, бірақ жағдай соншалықты қолайлы болмады, ал 1978 жылы Қытай əлі де болса əлемдегі ең кедей үшінші ел еді.
Жаңа құрылымдық экономиканың талдауына сəйкес, халықтың, кəсіпкерлердің жəне үкіметтің экономикалық өркендеуге қол жеткізудегі бастамасын тиімді пайдалану үшін нарықтық бəсекелік арқылы кəсіпкерлікті дамытуға негіз жасау қажет. Сонымен қатар үкімет кəсіпорындардың дамуы мен өсуіне мүмкіндік туғызу үшін экономикалық даму қажеттіліктеріне сəйкес қатаң инфрақұрылым мен жұмсақ институционалдық ортаны үнемі жетілдіріп отыруы керек. Егер бұрынғы экономикалық теориялар мен тəжірибелерде көбінесе тек мемлекеттің немесе нарықтың рөліне басты назар аударылса, Жаңа құрылымдық экономика теориясы Қытайдың жəне басқа дамушы елдердің сəтті жəне сəтсіз тəжірибесін жалпылауға негізделіп, «тиімді нарықтар мен тиімді мемлекеттердің» органикалық үйлесіміне назар аударылады. Бұл барлық елдердегі кедейлікті жойып, өркендеуге мүмкіндік береді. Мұндағы идея дамушы елдерге төмен жəне орта табыс деңгейінің тұзағынан шығудың жолын табуға, даму идеяларын беруге, кедейліктен құтылу жəне өркендеуді жүзеге асыруға көмектесу. Бұл Қытайдың əлемдік держава ретіндегі жауапкершілігі жəне оның дүниежүзілік экономикаға қосқан ең үлкен үлесі.
1.3. Қытайдағы жеке кәсіпкерліктің 40 жылдық дамуына шолу
Реформалар мен ашықтық саясатынан кейінгі 40 жыл ішіндегі Қытай экономикасының кереметі жəне жеке кəсіпкерліктің дамуы
1978 жылы Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінің жан басына шаққандағы ЖІӨ 490 АҚШ долларды құраса, Қытайдың көрсеткіші бұл көрсеткіштің үштен бірінен де аз болды. Ол кезде Қытай халқының 81%-ы ауылдық жерлерде тұрып, 84%-ы күніне 1,25 доллардан аз табыспен өмір сүрді, ал экспорт пен импорт ЖІӨ-нің бар болғаны 4,1% жəне 5,6% немесе барлығы 9,7%-ын құрады. Басқаша айтқанда, Қытайдың сол кездегі ұлттық экономикасының 90%-дан астамы əлемдік экономикаға сəйкес келмеді, дамудың бастапқы нүктесі төмен болғаны сонша, қазіргі таңда оны елестету мүмкін емес. 1978– 2017 жылдар аралығында Қытайдың ЖІӨ-нің өсу қарқыны жылына орта есеппен 9,5%-ды құрады. Бұл экономика тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай жəне нəтижесі ойлағаннан асып түсті.
Дэн Сяопин Қытайдың Реформалар мен ашықтық саясатының қозғаушы күші болды. Ол осы саясатты алғаш насихаттай бастағанда 20 жылда экономиканы «төрт есе өсіру» мақсатын алға қойды.
1. Бұл мақала автордың 2018 жылы 28 сəуірде Дешэнмэнь дəріс залында жасаған баяндамасына негізделген.
Бұл Қытайдың орташа жылдық экономикалық өсу қарқыны 7,2% болуы керек дегенді білдіреді. Сол кездегі халықаралық экономикада белгілі «табиғи өсу қарқыны» теориясы бойынша, кез келген ел үшін қалыпты жағдайларда 7% өсу қарқынына жету өте қиын, тек соғыстан немесе ірі табиғи апаттан кейінгі қалпына келтіру кезеңіндегі екі-үш жыл ішінде 7% немесе одан жоғары өсу қарқынына қол жеткізуге болады. 20 жыл бойына орташа жылдық 7,2% өсу қарқынының орнына, Қытайдың 39 жыл бойына орташа жылдық өсу қарқыны 9,5%-ды құрады. Егер 39 жыл бойына орташа жылдық өсу қарқыны 7,2% деп есептесек, Қытайдың бүгінгі экономикасы 1978 жылмен салыстырғанда 15 есе үлкен болар еді. 39 жыл ішінде еліміздегі орташа жылдық экономикалық өсу қарқыны 9,5%-ды құрады, сондықтан бүгінгі таңда экономикамыздың көлемі 1978 жылмен салыстырғанда 34 есеге көп.
Реформалар мен ашықтық саясатынан кейінгі 40 жылда Қытайдың саудасы қарқынды дамыды. Статистикаға сүйенсек, соңғы 39 жылда Қытайдың импорты мен экспортының орташа жылдық өсу қарқыны 14,5%-ға жеткен. 1978 жылы сауда жалпы көлемі ЖІӨ-нің 9,7%-ын ғана құраса, бүгінде ол 30%-дан асты. Елдің ашықтық дəрежесі, əдетте, экономикада «сауда тəуелділігі» деп аталатын ЖІӨ-дегі сауданың үлесімен өлшенеді. Сауда тəуелділігі бойынша 100 миллионнан астам халқы бар барлық ірі елдердің ішінде Қытай ең жоғары көрсеткішке ие.
Тұрақты əрі жылдам экономикалық өсудің нəтижесінде Қытай 2009 жылы Жапонияны басып озып, əлемдегі екінші экономикаға айналды; 2010 жылы Қытай экспортының көлемі Германиядан асып түсті, ал экспортталған тауарлардың құрамы түбегейлі өзгерді: 1978 жылы Қытай экспортының 75%-дан астамы ауыл шаруашылығы немесе өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері болса, қазір экспорттың 97%-дан астамы өнеркəсіп тауарлары. Сондықтан Қытай халықаралық деңгейде əлемдік фабрика жəне əлемдік өңдеу өнеркəсібінің тірегі ретінде танымал. 2013 жылы Қытайдың жалпы сауда көлемі АҚШ-тан асып түсіп, əлемдегі ең ірі сауда державасына айналды. 2014 жылы Қытайдың ЖІӨ-нің жалпы көлемі АҚШтан асып түсіп, сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша ең үлкен экономикаға айналды. 2017 жылы Қытайдың жан басына шаққандағы ЖІӨ 8 800 АҚШ долларын құрады, нəтижесінде Қытай табыс деңгейі ортадан жоғарғы елдер тобына кірді, ал 2025 жылға қарай Қытай жан басына шаққандағы ЖІӨ 12 700 АҚШ долларынан асатын табыс деңгейі жоғары елге айналады деп күтілуде. Статистикаға сүйенсек, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін əлемдегі 200-ден астам дамушы елдердің ішінен тек екеуі ғана табыс деңгейі төмен елдерден жоғары елдерге айнала алды, олардың бірі Тайвань, екіншісі Оңтүстік Корея. 2025 жылға қарай Қытай бұл тізімдегі үшінші ел болуы мүмкін. Қазіргі уақытта əлем халқының тек 15%-ы ғана табыс деңгейі жоғары елдерде тұрады. Егер Қытай табыс деңгейі жоғары елге айналса, бұл үлес 15%-дан 34%-ға дейін артады.
Сонымен қатар еліміздегі 700 миллионнан астам адам күніне жарататын жан басына шаққандағы 1,25 долларды құрайтын кедейліктің шегінен шықты, бұл жаһандық кедейлікті азайтуға елеулі үлес қосты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін барлық дамушы елдер күш-жігерін экономикалық дамуға бағыттады. Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры жəне Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы сияқты халықаралық ұйымдар дамушы елдер мен нарықтық экономиканы қалыптастырып жатқан елдердің экономикасын дамытуға жəне кедейліктің масштабын азайтуға көмектесу үшін бар күш-жігерін салуда. Қытайдың жаһандық кедейлікті азайтуға қосқан үлесі 70%-дан асты.
Реформалар мен ашықтық саясатынан кейінгі 40 жылда Қытай дүниежүзінде қаржы дағдарысын бастан өткермеген жалғыз ел болды. Оның үстіне əлемдік қаржы дағдарысы басталған кезде Қытайдың экономикалық дамуы дүниежүзілік экономиканың қалпына келуіне айтарлықтай үлес қосты. 1997 жылы Шығыс Азияда қаржы дағдарысы орын алғанда, Шығыс Азия елдерінің экономикасы ешқашан қалпына келмейді деген пікір кеңінен тараған болатын. Алайда 2000 жылы Шығыс Азия елдері өздерінің бұрынғы қарқынды даму деңгейлеріне оралды. Өйткені юань құнсызданбай, Шығыс Азия елдерінің экономикасын тұрақты тірекпен қамтамасыз етті, ал Қытай осы дағдарыс кезінде 8%-дық жоғары өсу қарқынын сақтап қалды, бұл көрші елдердің экономикасын қалпына келтіруге ынталандырды. 2008 жылы басталған халықаралық қаржы дағдарысы дүниежүзілік экономиканы онжылдық депрессияға ұшыратқан 1929 жылғы Нью-Йорк қор нарығының құлдырауынан кем болмады. Қытай жауапты ірі экономика ретінде бірден «пакеттік жоспар» деп аталатын агрессивті қазыналық саясатты қабылдады: 2009 жылдың бірінші тоқсанында өсу қайта жалғасып, басқа дамып келе жатқан нарықтары бар елдер екінші тоқсанда қайта өсе бастады, ал дамыған экономикалары бар елдер үшінші тоқсанда теріс өсуді кері тоқтатты. Бəріміз бұл үлесті мақтан тұтамыз.
Реформалар мен ашықтық саясатынан кейінгі 40 жыл ішінде Қытайдың жекеменшік экономикасы қанағаттанарлық нəтижелерге қол жеткізді. 1978 жылы болмаған жекеменшік экономика осы күні шағын жəне ірі кəсіпорындардан тұрады. Статистикалық мəліметтерге сүйенсек, 1978 жылы Қытайдың ұлттық экономика құрылымының 80,8%-ын халықтың меншік жүйесі, 19,2%-ын ұжымдық меншік жүйесі құрады. Ешқандай қалалық немесе ауылдық жеке шаруа қожалықтары, жеке кəсіпорындар, бірлескен кəсіпорындар, шетел капиталының қатысуымен құрылған кəсіпорындар болған жоқ.
1992 жылы Дэн Сяопин Оңтүстік Қытайды аралаған кезде Қытайдың ЖІӨ-нің 51,4%-ын мемлекеттік экономика, 35%-ын ұжымдық экономика, 7,8%-ын қала мен ауылдың жекеменшік экономикасы, ұлттық экономиканың 5,8%-ы жекеменшік, бірлескен жəне шетелдік кəсіпорындардың үлесіне тиді. Соңғы екеуінің үлесі 14%-дан аз болды. Бүкілқытайлық өнеркəсіп жəне сауда федерациясының мəліметі бойынша, 2017 жылдың аяғында Қытайда жарғылық капиталы 165 триллион юаньнан асатын 27 263 миллион жекеменшік кəсіпорын, 65 793 миллион жекеменшік үй шаруашылығы, салық түсімдерінің 50%-дан астамы, ЖІӨ-нің 60% негізгі капиталға инвестиция жəне қаржылық емес тікелей шетелдік инвестициялар, инновациялар мен жаңа өнімдердің 70%, 80%-дан астамы қалалық жұмыспен қамтыды. Технологиялық инновациялар мен жаңа өнімдердің үлесі 70%– дан астам, қалалық жұмыспен қамту үлесі 80%-дан астам, жаңа жұмыс орындарын ашуға қосқан үлесі 90%-дан астам. Бүгінгі таңда жекеменшік экономика Қытай экономикасының өсуін қамтамасыз ететін, технологиялық инновацияларды ынталандыратын, жұмыспен қамтуды арттыратын жəне халықтың өмір сүру жағдайын жақсартатын тірек болды. Қытайдың реформалар мен ашықтық саясатынан кейінгі 40 жылдағы экономикалық даму жетістіктері экономика тарихында теңдесі жоқ ғажайып болса, жекеменшік экономиканың дамуы ғажайыптардың ғажайыбы екені даусыз.
Екі қатарлы жүйе жекеменшік экономиканың қарқынды дамуының маңызды себебі жəне осы жолдағы көптеген қиыншылықтар
Реформалар мен ашықтық саясатынан кейін жекеменшік экономиканың дамуы бірқалыпты болмады, керісінше, оның дамуын шектейтін көптеген проблема туындады. Осы проблемалар мен Қытайдың жекеменшік экономика дамуын шектеумен қатар, оның дамуы үшін тұрақты əрі қолайлы жағдай жасайтын реформалар мен ашықтық саясатынан кейінгі тұрақты əрі қарқынды дамуы бір-бірімен тығыз байланысты.
Кеңес Одағы, Шығыс Еуропа жəне басқа социалистік елдердің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға ауысуы жекеменшік кəсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік берді, бірақ бұл елдердегі ауысу экономикалық тоқырауға, күйреуге жəне тұрақты дағдарыстарға алып келді. 1980–1990 жылдары социалистік елдер жоспарлы экономика жағдайында нашар дамыды. Сол кездегі басымдыққа ие халықаралық теория бойынша, мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуы салдарынан социалистік елдер жоспарлы экономика жағдайында нашар дамыды, бұл ресурстардың дұрыс бөлінбеуіне, ренталық сыбайлас жемқорлыққа жəне тиімсіздікке əкелді. Вашингтон консенсусы бұл өтпелі экономикасы бар елдерде барлық кедергілер мен бұрмалануларды жойып, толыққанды нарықтық экономиканы құра отырып, жекешелендіруді, нарықтандыруды жəне ырықтандыруды ілгерілету үшін «талдырма терапиясын» қолдануы керек деп тұжырымдады.
Трансформацияның бұл əдісі бір мəселені ескермейді: бастапқы интервенциялық бұрмалаудың мақсаты – капиталды көп қажет ететін, технологиялық жағынан дамыған жəне ауқымды ауыр өнеркəсіпті қорғау жəне субсидиялау. Бұл «алдыңғы қатарлы» салалар өздерінің салыстырмалы артықшылықтарынан айырылса, ашық бəсекелесті нарықта дербестігі болмайды. Сондықтан қорғау мен субсидиялар жойылса, сөзсіз күйрейді, бұл жаппай жұмыссыздыққа, əлеуметтік-саяси тұрақсыздыққа жəне экономикалық дамудағы қиындықтарға əкеледі. Мұндай жағдайда, егер толық көлемде жекешелендіру жүргізілсе де, жекешелендіру кезінде табиғи ресурстардың үлкен көлемін иемденген бірнеше кəсіпорындар немесе телекоммуникация, электр энергиясы сияқты табиғи монополиялар ғана олигархтарға айналады, ал қалған жекеменшік секторға экономикалық дамудың жалпы төмен деңгейі мен тұрақты дағдарыстар жағдайында даму қиын болады.
Реформалар мен ашықтық саясатынан кейін Қытайдың экономикасы тұрақты əрі жылдам дамып, жекеменшік экономика кішіден үлкенге дейін өсті. Мұның маңызды себебі – Қытайдағы реформалардың басқа жолмен жүруі. Кеңес Одағы, социалистік елдер жəне Шығыс Еуропа аймақтары сияқты Қытайда да жоспарлы экономика дəуірінде мемлекеттік меншік негізгі, ал ұжымдық меншік көмекші болатын мемлекеттік экономика болды. Мұндай экономикалық жүйе сол кезде ақша тапшылығынан капиталды көп қажет ететін, технологиялық жағынан дамыған ауыр өнеркəсіпті тез құру үшін жасалған. Кедей, капиталы жоқ, негізінен аграрлық экономика үшін капиталды көп қажет ететін ауыр өнеркəсіптің дамуы оның салыстырмалы артықшылықтарына қарама-қайшы келді, сондайақ мемлекеттен ресурстарды тікелей жұмылдыру мен бөлуді, қорғау мен субсидияларды жəне басқа меншік нысандарының олармен бəсекелестікке түсуіне мүмкіндік бермейтін мемлекеттік кəсіпорындардың нарықтағы монополиялық жағдайын талап етті. Бір жағынан, жоспарлы экономика кезінде құрылған ірі капиталды көп қажет ететін мемлекеттік ауыр өнеркəсіп кəсіпорындарын қорғау жəне субсидиялау жалғасты, екінші жағынан, əдетте шектеу қойылған еңбекті көп қажет ететін салаларға олардың салыстырмалы артықшылығы негізінде қолжетімділік берілді, көптеген мемлекеттік емес кəсіпорындар, оның ішінде поселкелік жəне ауылдық кəсіпорындар нарыққа шығарылды. Мұндай өзгеріс тəсілінің артықшылығы: тұрақтылықты сақтай отырып, жеке кəсіпкерлердің көпшілігі өздерінің іскерлік таланттарын толық жүзеге асыра алды. Жекеменшік экономиканың үлесі 1978 жылы нөлден 1992 жылдың басында 13,6%-ға дейін өсіп, бүгінгі таңда ұлттық экономиканың жартысын құрайды.
Капиталды көп қажет ететін ірі мемлекеттік кəсіпорындар салыстырмалы артықшылықтарына қарамастан, қорғаушы субсидиясыз нарықта өмір сүре алмайды, ал мемлекет банктер мен биржаларға қаржылық қолдау көрсетуден бөлек, меншіктің басқа нысандарын, соның ішінде жекеменшік жəне шетелдік компанияларды бəсекеге қабілетсіз ету жəне жекеменшік салаларға қол жеткізуін шектеу арқылы оларға нарықта монополиялық жағдай жасайды.
Жекеменшік экономиканың дамуы жаңа көктемнің келуін білдіреді.
Реформалар мен ашықтық саясатының бастау алғанынан 40 жыл өткен соң, яғни 2017 жылы Қытайдың жан басына шаққандағы ЖІӨ-і 8,8 мың АҚШ долларына жетті. Бұл енді кедей, дамуы жағынан артта қалған, капиталы жеткіліксіз ел емес. Өңдеуші өнеркəсібінің көпшілігінде, соның ішінде ірі жабдықтар өндірісінде салыстырмалы түрде артықшылықтарға қол жеткізді. Осы ірі мемлекеттік кəсіпорындарға тұрақты түрде бөлінетін субсидиялар «қажет болған кезде көмек көрсетуден» «артықшылықтармен қамтамасыз етуге» айналды. Реформалар заман талабына сай болуы керек. 2013 жылы XVIII Орталық Комитеттің үшінші пленарлық мəжілісінде реформаларды толығымен тереңдету жəне ресурстарды бөлгенде нарықтың шешуші рөл атқаруын қамтамасыз ету ұсынылды. Бұл барлық меншік түріндегі кəсіпорындардың нарықта əділ бəсекелесе алуы үшін екі қатарлы жүйеден мұраға қалған барлық қорғаулар мен субсидияларды алып тастау дегенді білдіреді. Осылайша, реформалар тереңдеген сайын жекеменшік сектордың өнеркəсіпке қол жеткізу мүмкіндігі артады.
2017 жылы əлемдегі 500 ірі компанияның ішінде 16 қытайлық жекеменшік компания болды. Бұл менің есіме 2003 жылы Бейжіңде өткен Қытай кəсіпкерлерінің дүниежүзілік конгресін түсірді. Мен онда Қытай экономикасы мен бизнесінің дамуы туралы негізгі баяндама жасауға шақырылған болатынмен. 2002 жылы əлемдегі «Fortune 500» тізіміне кіретін ең ірі 500 компанияның 11-і қытайлық жəне 198-і американдық болды. Мен өз баяндамамда 2030 жылға қарай АҚШ пен Қытайдың əрқайсысында əлемдегі ең ірі 120 компания, екі елдің дəрежесі тең болады деп болжадым. Ол кезде халықаралық қауымдастық арасында «Қытайдың күйреуі теориясы» кеңінен таралып, көбі мені тым оптимистік көзқараста деп есептеді. Шын мəнінде, бəрі мен болжағаннан да жылдам орын алды: 2017 жылы əлемдегі ең ірі 500 компанияның 124-ін американдық, 115- ін (оның ішінде 16 жекеменшік) қытайлық компаниялар құрады.
2003 жылы мен бұл бағалауды жасауда «Fortune 500» тізіміне кіретін компанияларының саны мен сол компаниялар шыққан елдердің əлемдік экономикадағы жалпы көлемімен байланысты екендігін негізге алдым. 2002 жылы Қытай экономикасы əлемдік экономиканың 4,2%-ын, АҚШ – 32,9%-ын құрады. Əлемдегі ең ірі 500 компанияның 11-і Қытаймен, ал 198- і АҚШ-пен жоғары корреляцияға ие болды. Ол уақытта мен Қытайдың жолымен жүрсек, санамызды азат етсек, шындықты фактілерден іздесек, заман ағымына ілессек, «Реформалар мен ашықтық саясатын» ілгерілертсек, экономикамыз 2030 жылға қарай нарықтық мөлшерлемемен де АҚШ-ты басып озады деп есептейтінмін. 2003 жылдан бастап өсу қарқыны осы болжаулардан асып түсті. 2017 жылы біздің экономикамыз əлемдегі ірі экономикаға айналды. Оның үлесі 16%-ды, ал АҚШ-тың үлесі 23,4%-ды құрады. Мен 1994 жылы «Қытай ғажайыптары» атты кітабымда болжағанымдай, бүгінгі таңда халықаралық қоғамдастықта 2030 жылға қарай Қытайдың экономикасы АҚШ-ты басып озып, əлемдік экономиканың 20%-дан астамын құрайтын болады деп есептейді.
2003 жылға дейін əлемдегі ең ірі 500 компанияның кем дегенде 125-і қытайлық болады. 2050 жылға қарай, яғни заманауи социалистік держава құрылғанда Қытайдың экономикасы АҚШ экономикасының көлемінен 1,5 еседен асады жəне əлемдік экономиканың 25%-дан астамын құрайды. Өз кезегінде қытайлық компаниялардың 150-і «Fortune 500» тізіміне кіретін ірі компаниялар болуы мүмкін. 2017 жылы əлемдегі ең үздік 500 компанияның қатарына қытайлық 115 компания кірді, оның 16- сы жекеменшік еді. Жекеменшік кəсіпорындарға тəн өсу серпіні басқа меншік нысандарына қарағанда күштірек. Менің болжауымша, егер 2030 жылға қарай əлемдегі ең ірі 500 компанияның тізіміндегі қытайлық компаниялардың саны 125-ке жетсе, оның 40-ы жекеменшік болады; егер 2050 жылға қарай əлемдегі ең ірі 500 компанияның тізіміндегі қытайлық компаниялардың саны 150-ге жетсе, оның 75-і жекеменшік болуы мүмкін.
Реформалар мен ашықтық саясатынан кейінгі жеке кəсіпкерліктің даму тарихы жеке кəсіпкерлердің құрметке ие болғанын көрсетеді. Жеке кəсіпкерлер «Реформалар мен ашықтық саясатының» мүмкіндіктерін пайдаланып, қарқынды көтеріліп, капитал жинап, Қытайдағы жағдайды тез өзгертті. Капиталды көп қажет ететін мемлекеттік кəсіпорындарды қолдауға арналған субсидиялар «қиын кезеңдерде көмек көрсетуден» «артықшылықтармен қамтамасыз ету» үшін бөліне бастады. 2013 жылы бұл субсидиялар алынылып тасталды. Жеке кəсіпкерліктің дамуын шектейтін шаралар жойылып, керісінше, оның дамуы үшін жағдайлар жасалды.
XIX Бүкілқытайлық съездтің баяндамасында «Біз мемлекеттік сектордың экономикасын тұрақты түрде нығайтып, дамытамыз, сондай-ақ мемлекеттік емес сектордың экономикасын да тұрақты түрде ынталандырып, қолдап, бағыт-бағдар береміз» делінген. Менің ойымша, нарықтағы əділ бəсекелестік көптеген жеке кəсіпкерлердің кəсіпкерлік рухын толықтай жүзеге асыруға, жеке құндылықтары мен кəсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Қытай халқының ұлы жаңғыруына өз үлесін қосады.
52
II тарау ҚЫТАЙДЫҢ ДАМУ ТƏЖІРИБЕСІ
2.1. Қытайдың даму тәжірибесінен шығарылған кейбір қорытындылар
Реформалар мен ашықтық саясаты кезеңінде Қытайдың экономикасы үлкен жетістіктерге жетіп, кедей елден əлемнің екінші экономикасына айналды. Қытайдың дамуы дамушы елдердің жаңару мүмкіндігін арттырып, тəуелсіздігін сақтай отырып, өз дамуын жеделдетуді қалайтын елдер мен халықтар үшін жаңа мүмкіндіктер тудырды. Жалпы Қытай экономикасының даму практикасынан кенже қалған елдерді дамыту үшін төрт қорытынды жасауға болады.
Кезінде Қытай əлемдегі ең кедей елдердің бірі болды. 1978 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ бар болғаны 156 АҚШ долларын құрады, ал халықтың 80%-дан астамы ауылдық жерлерде тұрды; 1981 жылы Қытай халқының 84%-ы күніне 1,25 АҚШ долларына, яғни халықаралық кедейлік шегінен де төмен өмір сүрді. Алайда реформалар мен ашықтық саясаты кезеңіндегі қарқынды дамуының нəтижесінде Қытайдың 2018 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ-і 10 000 АҚШ долларына жақындап, табыс деңгейі ортадан жоғары елге айналды. Қытай бар болғаны 40 жылдың ішінде кедейліктен өркендеуге аяқ басып, экономикалық кереметке қол жеткізді. Кедейлік тағдыр емес екенін дəлелдеп, əлі де жоқшылықтан жапа шегіп отырған елдерге олардың өркендеу жолында индустрияландыру мен жаңартуға болатындығына сенім берді. Бұл Қытайдың даму жолынан алынатын алғашқы сабақ.
1. Бұл мақала алғаш рет 2019 жылы 13 тамызда «People's Daily» газетінде жарияланған.
Көптеген кенже қалған елдер үшін кедейлік қамытынан құтылу мен өз дамуын қамтамасыз ету өзекті мəселе. Дəстүрлі ауылшаруашылық өндірісі мен төмен еңбек өнімділігі тəн көптеген кедей елдер кедейліктен құтылу үшін алдымен ауыл шаруашылығы мен ауылдық жерлерді өзгертулері қажет. Біріншіден, еңбек өнімділігі мен шаруалардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін заманауи ауыл шаруашылығы өндірісінің технологияларын, тыңайтқыштар мен сапалы тұқымдарды қолдану керек. Екіншіден, қуаңшылық пен су тасқыны сияқты күтпеген жағдайлардың жағымсыз салдарын болдырмау, жою жəне ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін су қоймаларының құрылысын қолға алу жəне ауыл шаруашылығы алқаптарының суару жағдайын жақсарту қажет. Оның үстіне фермерлерді өнім өндіруге ынталандыру керек. Бұл ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттырудың кепілі. Келісімшарттық шаруашылық жауапкершілігі жүйесін енгізу арқылы Қытай шаруалардың өндірістік ынтасын айтарлықтай арттырып, ауылдың келбетін өзгертіп, реформаларға жол ашты. Соңында, мемлекеттің рөлін тиімдірек пайдалану қажет. Бір жағынан, ауыл шаруашылығын жаңғыртуды сапалы тұқым өндіруден бөліп қарастыруға болмайды. Ал сапалы тұқым өндіру негізінен қоғамдық игілік болғандықтан, нарықтық күштерге сүйене отырып, тиімді ұсыныспен қамтамасыз ету қиынға соғады, бұл ретте мемлекеттің рөлін толықтай пайдалану керек. Екінші жағынан, тек шаруаларға арқа сүйеу арқылы ауылшаруашылық алқаптарына үлкен су қоймаларын салу, егін шаруашылығындағы суару жағдайын жақсарту сияқты мəселелерді шешуге болмайды. Сондықтан мемлекеттің рөлін толық пайдалану қажет. Қытай дамуының екінші сабағы – бұл даму мен кедейлікті жоюды ауыл шаруашылығын жаңғыртудан бастау керек.
Əрине, елді кедейліктен шығарып, гүлдендіру үшін бір ғана ауыл шаруашылығын дамыту жеткіліксіз. Индустрияландыруды да ынталандыру керек. Модернизация дегеніміз – ауыл шаруашылығы мен ауыл халқының үлесін азайту процесі. Егер кедей елдер кедейліктен құтылып, дамығысы келсе, индустрияландыруға мүмкіндік туғызып, фермерлерді ауыл шаруашылығынан заманауи өндіріске ауыстырып, индустрияландыру мен дамудың деңгейін үздіксіз көтеріп, өнеркəсіп құрылымын оңтайландыруы қажет. Қытайдың 1978 жылдан бері дамуының басты сабақтарының бірі – ауылды реформалау мен заманауи қызмет көрсету саласын белсенді дамыту арқылы индустрияландыру мен урбандалу. Бұл Қытай дамуының үшінші сабағы.
Шынында, көптеген елдер де алдымен ауыл шаруашылығын жаңғыртып, содан кейін индустрияландыру мен урбандалу қажет екенін түсінеді, бірақ неге жетістікке жеткен елдердің саны аз?
Оның басты себебі, олар елдерін жаңғырту барысында дамыған елдердің жасағандарын негізге алып, қате схеманы таңдаған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін сол кездегі үстемдік еткен батыстық теорияға сəйкес ауыр дəрежедегі капитал тапшылығы жағдайында капитал сыйымдылығы жағынан дамыған елдердегі өндірістен кем түспейтін, капиталды көп қажет ететін өндірістерді дамыту үшін импортты алмастыру стратегиясы қолданылды. Салыстырмалы артықшылықтары күйреуінің нəтижесінде компаниялардың ашық əрі бəсекелі нарықтарда табыс табу мүмкіндігі болмады. Мұндай салалар үкіметтің тікелей араласуы мен нарықты бұрмалап қорғауының арқасында ғана өмір сүре алатын еді.
1980 жылдардан бастап кейбір елдер сол кезде үстемдік еткен Батыстың неолибералдық концепциясына сүйеніп, дамыған елдермен бірдей нарықтық экономика құру мақсатында «талдырма терапиясы» арқылы жекешелендіру, нарықтық реформалар мен тұрақтандыруды жүзеге асыруға тырысты. Олар экономиканы қайта құрылымдау мен дамыту процесіндегі мемлекеттің рөлін ескермеді, нəтижесінде бұрыннан бар өнеркəсіптік жүйелері күйреп, жаңа өнеркəсіптік жүйелер құрылмады жəне индустриясыздандыруға əкелді. Бұл нарықтық экономикаға көшкен кейбір елдерде экономикалық тоқырау, күйреу мен дағдарыстар тудырды. Қытай не себепті жетістікке жетті? Оның басты себебі Қытай нарықтық экономикада мемлекеттің үстем рөлін толық пайдаланып, экономиканың ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен қарқынды дамуына ықпал ете алады. Оны факторлар мен элементтерді жеткізудің өзіндік шарттарымен анықталатын салыстырмалы артықшылықтары негізінде табысқа жете алатын салаларды үлкенірек əрі күштірек етіп, олардың салыстырмалы артықшылықтарын бəсекелі артықшылықтарға айналдыру арқылы іске асырды. Соның арқасында Қытайдың экономикасы ұзақ мерзімде тұрақты жəне тезірек өсті. Бұл Қытай дамуының төртінші сабағы.
2.2. Дамушы елдер дамушы Қытайдан не үйрене алады?
2018 жылы Қытайдың жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өткеніне 40 жыл толады. Бұл мерейтой тарихтағы ерекше сəтпен тұспа-тұс, яғни АҚШ-тың жаһанданудан шығып, Қытайға жаһандық сауда жүйесінің «күзетші иті» ретіндегі рөлін арттыруға мүмкіндік берді.
Оның үстіне Қытайдың соңғы жылдарда əлемнің кедей елінен жаһандық державаға айналуы басқа да дамушы елдерге құнды сабақ бола алады, əсіресе Трамп əкімшілігі жаһандануға қарсы саясатты жалғастырып жатқанын ескерсек.
1978 жылы Қытайдың жан басына шаққандағы ЖІӨ-і өте төмен болып, сыртқы сауданың ЖІӨ-дегі үлесі бар болғаны 9,7%– ды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 32,7%-ды құрайды.
1970 жылдардың соңынан бері Қытайдың экономикалық өсуі таңғаларлық: 2009 жылы Қытай Жапонияны басып озып, əлемдегі екінші экономикаға айналды; 2010 жылы Германияны басып озып, əлемдегі ең ірі экспорттаушы елге айналды; 2013 жылы əлемдегі ең ірі сауда еліне айналды; 2014 жылы сатып алу қабілеті тепе-теңдігі бойынша АҚШ-ты басып озып, əлемдегі ең ірі экономикаға айналды.
1. Бұл мақала алғаш рет 2017 жылы 1 желтоқсанда «The New York Times» газетінде «Қытай дамушы елдерге билікті құру туралы не үйрете алады?» («What China Can Teach Developing Nations About Building Power») деген тақырыппен жарияланған. Автор қытай тіліндегі нұсқасын редакциялаған.
Осы уақыт ішінде 700 миллионнан астам қытайлық кедейлік қамытынан құтылды. Қытай соңғы 40 жылда ешқандай қаржы дағдарысын бастан өткермеген жалғыз дамушы экономика.
Қазір Қытай жан басына шаққандағы ЖІӨ шамамен 9 000 АҚШ долларын құрайтын табыс деңгейі ортадан жоғары ел. Бірақ 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 12 700 АҚШ долларынан асып, оны табыс деңгейі жоғары елге айналдыруы мүмкін. Сонымен қатар Қытай əлемдегі ең ірі шикізат өндірушісі жəне əлемдегі бəсекеге қабілетті елдердің бірі.
Қытай жаһандануды толығымен қабылдады. Ол инфрақұрылымды дамыту арқылы Қытайды Азия, Еуропа жəне Африка нарықтарымен байланыстыруды мақсат ететін «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бастады. Бұл бастаманы қолдау үшін Қытай ұсынған Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (AIIB) бастапқыда АҚШ-тың ашық қарсылығына тап болғанымен, бүгінгі таңда 77 мүше-мемлекеті бар əлемдегі ең ірі көпжақты даму ұйымдарының біріне айналды.
2015 жылы Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) АҚШ доллары, жапон иені, еуро жəне британдық фунт стерлинг кіретін Арнайы қарыз алу құқықтары қоржынына енгізілген бес валютаның қатарына юаньды қосты. Бұл юаньды халықаралық резервтік валюта мəртебесіне бір қадам жақындатты.
Айта кететін бір жайт, Кеңес Одағы елдері де, Шығыс Еуропа елдері де экономикалық реформаларды жүзеге асырғаннан кейін экономикалық күйреуді бастан өткерді. Алайда Қытайда сəтті іске асуының себебі негізінен тəсілдердің түрлі болғанына байланысты.
Қытайдағы өтпелі кезеңнің алғашқы сатыларында ауыр машина жасау жəне металлургия сияқты капиталды көп қажет ететін салаларда өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын мемлекеттік кəсіпорындардың саны көп болды. Бұл салалар бəсекелі нарықта қорғаусыз жəне субсидиясыз өмір сүре алмайды. Сондықтан Қытай үкіметі бұл кəсіпорындарға субсидиялар бөлді, сондай-ақ салыстырмалы артықшылығы бар еңбекті көп қажет ететін салалар үшін инвестициялық мүмкіндіктерді ашты. Мұндай екі қатарлы жүйе Қытайға тұрақтылықты сақтап, қарқынды дамуға қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Осындай стратегияны Қытай экономикасын ырықтандыру кезінде де қабылдады. Қытай мемлекеттік кəсіпорындар үстемдік ететін капиталды көп қажет ететін салаларға шетел капиталының ағынын шектеді. Сонымен қатар шетел инвестициясын тарту мақсатында еңбекті көп қажет ететін өндірістерді сыртқы əлемге ашты.
Екі қатарлы реформалар үлкен шығындарды талап етті. Нарыққа араласу мен бұрмалау сыбайлас жемқорлықтың өсуіне жəне табыстың əділетсіз бөлінуіне əкеп соқтырды. Өңдеу өнеркəсібінің қарқынды дамуына байланысты қоршаған орта ластанды. Осы проблемаларды шешу үшін Си Цзиньпин Мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы бес жылында, яғни 2012 жылдан 2017 жылға дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жанжақты науқанды бастады. Екі қатарлы реформалардағы бұрмалануларды түзетіп, нарықтың ресурстарды бөлуде шешуші рөл атқаруына мүмкіндік берді жəне қатаң экологиялық ережелерді талап етті.
Қытайдың экономикалық қуаты артқан сайын оның жаһандық басқаруға ықпалы да арта түсуде. 2017 жылдың қазан айында ҚКП-ның XIX бүкілқытайлық съезінде Си Цзиньпин екінші бес жылдық мерзімге елдің жоғарғы көшбасшысы болып сайланды. Си Цзиньпиннің қазіргі міндеті – Қытайдың тиімді ашық нарықтық экономикаға көшуінің аяқталуын қамтамасыз ету жəне бейбітшілік пен даму мүддесі үшін жаңа халықаралық тəртіптің қалыптасуына үлес қосу.
Қытай ел ішінде де, дүниежүзінде де кедейлік пен аштықты жою бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастырады. Қытай Батыс сияқты гуманитарлық көмектің алғышарты ретінде өзінің құндылықтары мен идеологиясын міндеттемей, дамушы елдерге көмек, сауда жəне инвестициялық мүмкіндіктер беруді жалғастыра отырып, қолсұқпаушылық принципін ұстануды жалғастырады.
1970 жылдардың соңынан бастап Қытай мықты көшбасшылық пен прагматизмнің үйлесуінің арқасында жетістікке қол жеткізді. Қытай көрегендік пен ашықтықты сақтап, əлемдегі жетекші держава ретінде өзінің тарихи рөлін қалпына келтіруге ұмтылады.
2.3. Қытайдың тәжірибесі жаһандық кедейлікті жоюға үлес қосады
Қытайдың реформалар мен ашықтық саясатының кереметі
Қытай реформалар мен ашықтық саясатынан кейінгі 40 жылда экономикалық жəне əлеуметтік дамуда үлкен жетістіктерге жетті. Басқа елдермен салыстырғанда Қытайдың реформалар мен ашықтық саясаты үдерісінің ерекшеліктері қандай?
Қытайдың керемет дамуының басты себептерінің бірі – бар теорияларға еліктемей, шетелдің дайын теорияларын қабылдамай, өз жолымен жүріп, санасын азат етіп, шындықты фактілерден іздеуі. Қытай бар проблемаларды негізге ала отырып, олардың себептерін мұқият талдап, шешу жолдары мен шектеулерін зерттеді. Екі қатарлы жүйені ескі жəне жаңа əдістермен біртіндеп реформалау арқылы тұрақтылықты сақтай отырып, экономиканың қарқынды дамуына қол жеткізу үшін ішкі жəне шетелдік екі нарық пен екі түрлі ресурстарды толық пайдаланады.
1. Бұл мақала автордың 2018 жылы сəуірде «XXI ғасырдағы іскерлік хабаршысында» жарияланған сұхбатына негізделген.
Өздерінің ішкі мəселелерін шетелдік теорияларды немесе «идеалды» үлгілерді қолдану арқылы тездетіп шешуге тырысқан басқа елдер көбінесе экономикалық күйреу, тоқырау немесе дағдарысқа тап болды.
Сыртқы бақылаушылар Қытайдың ырықтандыруға негізделген екі қатарлы біртіндеп реформалау жолын 1980–1990 жылдардағы өтпелі кезеңнің «ең нашар» формасы ретінде бағалағанымен, шын мəнінде бұл Қытайдың тұрақты əрі қарқынды дамуының себебі болды. Əрине, осы жолда жемқорлық, табыстың əділетсіз бөлінуі, экологияның нашарлауы сияқты мəселелер туындады. Қиындыққа тап болған Қытай да ақылойын азат етіп, шындықты фактілерден іздеп, объективті түрде талдап, оң жауап қайтарды. Бұл Қытайды реформалар мен ашықтық саясатынан кейін жайлап жетістікке жеткізген ең маңызды тəжірибе.
2025 жылға қарай Қытай табыс деңгейі жоғары экономикаға айналады
Давостағы форумда мен 2025 жылға қарай Қытай екінші дүниежүзілік соғыстан кейін табыс деңгейі төмен елден табыс деңгейі жоғары елдер тобына кіретін үшінші экономика болады деп болжадым. Сонымен, Қытайдың экономикалық өсуі қалай жүзеге асады?
Бізде үнемі экономикалық дамуға бағытталған ішкі мотивация механизмі бар. Біз қытай ұлтының ұлы жаңғыруына ұмтыламыз, бұл ҚКП-ның, барлық қытай зиялыларының жəне барлық қытайлықтардың бастапқы ниеті. Біздің дамуымыздың ішкі мотивациясы осы.
Табыс өспей берекелі өмір сүру мүмкін емес. Оның қажетті шарты – еңбек өнімділігін арттыру. Бұл өз кезегінде үнемі технологиялық инновацияларды қажет етеді. Реформалар мен ашықтық саясатының басында барлық сала бойынша Қытай мен дамыған елдер арасында үлкен алшақтық болды. Қытай өзінің дамыған елдерден өнеркəсіптік жəне технологиялық артта қалуын пайдаланып, озық шетелдік технологияларды қабылдау, үйрену жəне игеру үшін өзінің «кешіккен» жағдайын пайдаланып, технологиялық инновациялар мен өнеркəсіпті жаңартуға байланысты шығындар мен тəуекелдерін айтарлықтай азайтты. Бұл Қытайдың реформалар мен ашықтық саясатын сəтті жүргізгенінің басты себептерінің бірі.
2017 жылы Қытайдың жан басына шаққандағы ЖІӨ-і 8800 АҚШ долларын құрады. Бұл оны АҚШ-тың 60 000 доллары, Германияның 44 000 АҚШ доллары, Жапонияның 34 000 АҚШ доллары жəне Оңтүстік Кореяның 30 000 долларымен салыстырғанда табыс деңгейі ортадан жоғары елдер тобына жатқызды.
Бүгінгі таңда Қытайдың өнеркəсіптік жəне технологиялық стандарттарында кейбір ағаттықтар бар, бұл оған дамыған елдермен салыстырғанда нарыққа «кешігіп» енген артықшылықты береді. Дегенмен Қытай табыс деңгейі ортадан жоғары ірі ел ретінде тұрмыстық электроника, жоғары жылдамдықты теміржол жəне энергетикалық жабдықтар сияқты салаларда əлемдік көшбасшыға айналды. Сондықтан бұл салаларды дамыту үшін Қытай тек өзінің инновациясына ғана сене алады. Сондай-ақ адами капиталға инвестиция үстемдік ететін Интернет жəне ұялы байланыс сияқты қысқа ғылымизерттеу жəне əзірлеу циклдері бар дамып келе жатқан салалар бар. Шамамен 1,4 миллиард халқы бар үлкен мемлекет ретінде Қытай адами капиталда артықшылыққа ие жəне оның дамыған елдерден озып, осы дамып келе жатқан салаларда олармен тікелей бəсекелесу мүмкіндігі бар.
Бұл біздің табыс деңгейі төмен экономикадан табыс деңгейі жоғары экономикаға айналған үшінші экономика болатынымызға сенімділік береді. Егер жүзеге асса, бұл адамзат тарихындағы өте маңызды кезең болады. Ол кезде табыс деңгейі жоғары елде тұратын əлем халқының үлесі 16%-дан 35%-ға өседі.
Қытай халықаралық аренада өз теорияларын ұсынуы керек
Қазіргі таңда Қытай – əлемдегі екінші ірі экономика. 2014 жылы сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша əлемдегі ең ірі экономикаға айналды. Қытай экономикасының ауқымы ұлғайған сайын оған халықаралық ұйымдардың да қызығушылығы артып келеді. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басқарушы директоры Кристин Лагард бірде он жылдың ішінде ХВҚ-ның штаб-пəтері Қытайдың астанасы Бейжіңге көшуі мүмкін екенін айтқан болатын. Сондай-ақ халықаралық ұйымдарда да қытайлықтардың саны көбейіп келеді.
Қытайдың халықаралық басқару жүйесіндегі дауысы мен ықпалы оның экономикалық жағдайы жақсарған сайын арта түсетіні сөзсіз.
Маған 2008 жылы дамушы елдерден Дүниежүзілік банктің бас экономисі жəне аға вице-президенті болып тағайындалған бірінші адам болу бақыты бұйырыпты. Маған дейін осы қызметті атқарған сегіз адам дамыған елдерден шыққан жəне экономика саласындағы жетекші тұлғалар болды. Олардың арасында экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары да бар. Олардың үлкен саяси тəжірибесі де болды, арасында Ақ үйдің Экономикалық консультативтік комитетінің төрағасы жəне Орталық банктің басшысы қызметтерін атқарғандар да бар.
Мен Қытайдың дамуы арқасында осындай мүмкіндікке ие болдым, өйткені бұл халықаралық даму агенттіктерінің дамудағы мақсаты кедейлікті азайту еді. Қытайдың соңғы 40 жылдағы қарқынды дамуы 700 миллионнан астам адамды кедейліктен құтқарды. Бұл жаһандық кедейлікті 70%-ға қысқартуға ықпал етті. Менің бір кездері əлемдегі ең жоғары саналған экономист лауазымына көтерілуім Қытайдың дамуы мен кедейлікті жоюдағы зор жетістіктерінің көрінісі екені айтпаса да түсінікті.
Бүгінгі таңда халықаралық даму институттарында жұмыс істейтін қытайлықтардың саны артып келеді. Мысалы, Дүниежүзілік банктің басқарушы директоры, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры жəне Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркəсіптік даму бағытының атқарушы директоры – қытайлықтар. Дегенмен, жалпы алғанда біздің дауысымыз əлі де аздық етеді, əлемдік экономикадағы экономикалық үлесімізге сəйкес келмейді. Қазіргі уақытта халықаралық аренада əлі де батыстық теория мен дискурс үстемдік етіп келеді. Қытай трансформациясының жетістіктеріне қарамастан, халықаралық қоғамдастық Қытай тəжірибесін негізінен батыстық теория тұрғысынан қарастырады. Батыстық теория тұрғысынан қарағанда, Қытай көптеген проблемасы бар ел жəне «Қытайдың күйреуі теориясы» бүкіл əлемде қайталанады.
Алайда Қытайдың жетістігінің артында қандай да бір себеп болуы керек. Егер Қытайдың жетістігінің себептерін қорытындылайтын болсақ, олар Қытайдың даналығы мен шешімдері болатын еді. Теориялардың жарамдылығы жағдайлардың ұқсастығына байланысты, ал Қытай дамуының алғышарттары басқа дамушы елдермен салыстырмалы түрде ұқсас болғандықтан, басқа дамушы елдердің мəселелерін шешуде қытайлық теориялардың маңызы зор. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дамыған елдер дамушы елдерге 3 триллион доллардан астам көмек көрсетті. Бұл үлкен сома жəне өте жақсы бастау нүктесі. Алайда бұл дамыған елдердің есептеме жүйесі мен теорияларына негізделген, ал ол көмектің əсері тиімсіз. Егер реформалар мен ашықтық саясатынан кейінгі Қытайдағы кедейлік деңгейінің төмендегенін есепке алмасақ, дүниежүзіндегі кедейлер саны 2000 жылы да азайған жоқ.
Қытайдың халықаралық мəртебесі көтерілген сайын халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін қытайлықтардың саны да артады. Қытай тəжірибесін тиімдірек жалпыландыру, жаңа теорияларды алға жылжыту жəне жаңа дискурсивті жүйелерді құру жаһандық кедейлікті азайтуға көмектеседі.
Үкіметтің іс-əрекеті нарықтың тиімділігіне негізделуі керек
Реформа «терең сулы аймаққа» енді деген пікір басым. Біз əлі қандай «қатты сүйектерді» кеміруіміз керек? Үкімет пен нарықтар қандай рөл атқаруы керек? Соңғы 40 жылдағы реформалар мен ашықтық саясатының жетістіктері оңай жолмен келген жоқ. Шынында, 1980–1990 жылдары барлық социалистік елдер өзгеріске табанды түрде ұмтылды, бірақ санаулысы ғана табысқа жетті. Көпшілігі экономикалық күйреу, тоқырау жəне тұрақты дағдарыстарды бастан кешірді.
Қытай реформалар мен ашықтық саясатын іске асыруда екі бағыт бойынша прогрессивті тəсілді ұстанды. Бір жағынан, ол жоспарлы экономика дəуірінің көптеген басқыншылық қателіктерін əлі де сақтап қалған бастапқы ірі мемлекеттік кəсіпорындарды қорғайды жəне субсидиялайды. Екінші жағынан, компания қалыптасқан жағдайды пайдаланып, жекеменшік жəне шетелдік кəсіпорындарға бұрын қысымға түскен, Қытайдың салыстырмалы артықшылығына сəйкес келетін, бəсекеге қабілетті, жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін, экспорттың өсуіне ықпал жасайтын салаларда мемлекеттік кəсіпорындар ашуға мүмкіндік берді. Ол кезде жалпыұлттық инфрақұрылым мен институционалды ортаның əлсіз болғанына қарамастан, Қытай салыстырмалы артықшылықтарға ие өнеркəсіптерді тез арада бəсекеге қабілетті салаларға айналдырып, тұрақты əрі қарқынды дамуға қол жеткізді.
1980–1990 жылдары мұндай екі қатарлы біртіндеп жасалатын реформалар ауысудың ең нашар түрі ретінде қарастырылды. Ол кезде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға ауысу үшін жекешелендіру, маркетингілеу жəне ырықтандыру қажет, сондай-ақ нарықтық сəйкессіздіктер мен мемлекеттің араласуын тез арада жою қажет деген пікір басым болды. Батыстың үстемдік ететін экономикалық теориясын бұзған біртіндеп реформалайтын екі қатарлы жүйенің біртіндеп жасалатын реформасы неге сəтті болды? Басты себебі бұл тəсіл өтпелі кезеңнің реформасына дейін басымдықты болған, салыстырмалы артықшылықтары мен өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндіктері жоқ капиталды көп қажет ететін өнеркəсіп секторларын қорғап, экономикалық жəне əлеуметтік тұрақтылықты тиімді сақтайды.
Бұл ретте үкімет салыстырмалы артықшылықтарға сəйкес келетін бұрын тежелген еңбекті көп қажет ететін секторларды ырықтандырды жəне олардың жағдайға сəйкес дамуына ықпал етті, осылайша тұрақты экономикалық өсуді ұстап тұрды. Бұл экономиканың тұрақты өсуін сақтауға мүмкіндік берді. Ал бұл секторлардың дамуы көптеген жаңа жұмыс орындарын құрып, ауылдық жерлердегі артық жұмыс күшін қалалардағы өнеркəсіптік секторға көшіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар салыстырмалы артықшылыққа сəйкес келетін салалардың қарқынды өсуі капиталдың жинақталуына мүмкіндік берді. Осылайша, бұрын салыстырмалы артықшылықты бұзып, өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын кəсіпорындар салыстырмалы артықшылықтарға сəйкес келетін, өзін-өзі қамтамасыз ете алатын кəсіпорындарға айналды. Өтпелі кезеңде түрлі қорғаушы субсидиялары «қажет болған кезде көмек көрсетуден» «артықшылықтар беруге» ауысты, олар бірте-бірте қысқартылуы немесе тіпті жойылуы мүмкін.
Қазіргі таңда басты салалардың көпшілігі біздің салыстырмалы артықшылықтарымызбен сəйкес келеді. Алайда елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басқа да табыс деңгейі жоғары елдер сияқты нақты қолдау көрсету қажет. Мұндай салалардың саны өте аз, сол себепті қолдау көрсету əдісі басқа елдердегі сияқты болуы керек, яғни субсидиялар тікелей бюджет қаражатынан бөлініп, нарықтық бағаны бұрмаламау керек. Сондықтан ҚКП XVIII шақырылымы үшінші пленумы заман талабына сай болу, реформаларды жан-жақты тереңдету, барлық бұрмалаушылықтарды жою, ресурстарды бөлуде нарықтың шешуші рөл атқаруын қамтамасыз етуді ұсынады.
Экономикалық даму процесінде нарықтық сəтсіздіктер, сөзсіз, болып тұрады. Сондықтан нарықтағы сəтсіздіктерді жою үшін келешегі бар мемлекет те қажет. Мемлекет пен нарық арасындағы қарым-қатынас бірін-бірі толықтырады: нарық мемлекет үшін, ал мемлекет нарық үшін тиімді болуы керек, бұл өзара өз-өзіне жеткіліксіздіктің негізі. Бұл Қытайдың сəтті реформалар мен ашықтық саясатының басты тəжірибесі жəне мен жақтайтын жаңа құрылымдық экономиканың негізі.
Серпінді дамып келе жатқан Гуандун-Гонконг-Макао шығанағы аймағының артықшылығын пайдалану үшін институционалдық айырмашылықтарды үйлестіру қажет
Гуандун – реформалар мен ашықтық саясатынан кейін ең жылдам дамып келе жатқан провинция. Реформалар мен ашықтық саясатының басында «күшті жəне əлсіз жақтарды толықтыру» принципі (сырттан келетін материалдарды өңдеу, үлгілерді өңдеу, сырттан келетін бөлшектерді құрастыру жəне өтемақылық сауда) Гуандун провинциясында жасалған ең алғашқы тəжірибе болды. Сонымен қатар жұмыс күші бағасының өсуі мен салыстырмалы артықшылықтардың өзгеруіне байланысты Гуандун провинциясы алғашқы болып қолданыстағы өнеркəсіптік базадан қолданыстағы дəстүрлі өңдеу өнеркəсібін «көшіру», содан кейін экономикалық трансформация мен өнеркəсіпті жаңартуға қол жеткізу үшін «өнімділікті арттыруды» ауыстыру идеясын ұсынды.
Бұл үдерісте Гуандун провинциясы кəсіпкерлерді нарықтың рөлін белсендірек пайдалануға жұмылдырды, сонымен қатар инфрақұрылымды белсенді дамыту, қолайлы саяси орта тудыру жəне кəсіпкерлер шеше алмайтын мəселелерді шешу арқылы мемлекеттің рөлін белсенді пайдаланды.
Технологиялық инновациялар, өнеркəсіптік жаңартулар мен кəсіпорындардың инновациялары да тоқтаусыз процесс. Гуандун провинциясы осы жаңашылдық рухын жалғастырып, жаңа мүмкіндіктерді анықтап, түрлі институционалдық, ұйымдық, жұмсақ жəне қатаң инфрақұрылымдық кедергілерді жеңуі керек. Гуандун провинциясы болашақта елдің экономикалық дамуының алдыңғы шебінде болуы үшін провинциядағы түрлі инновациялар да заман талабына сай болуы керек.
Гуандун-Гонконг-Макао шығанағы аймағы елдегі ең жоғары табыс деңгейі мен даму сатысына ие, сондай-ақ бұл аймақ əлемдегі ең ірі экономикалардың бірі. Нью-Йорк шығанағы аймағы, Сан-Франциско жəне Токиомен салыстырғанда ГуандунГонконг-Макао шығанағы аймағының үлкен ішкі айырмашылықтары бар. Бұл əрі əлемдік қаржы орталығы, əрі əлемдегі ең ірі өндірістік база. Бұл ішкі айырмашылықтары олардың экономикаларының бірін-бірі толықтыратын сипатын көрсетеді. Ал осы айырмашылықтар мен бірін-бірі толықтырушылық толық пайдаланылса, ол ең серпінді аймақ болмақ.
Қазіргі таңда шығанақ аймағын дамытудағы ең үлкен кедергі – əртүрлі институционалдық құрылымдар арасындағы үлкен айырмашылықтар. Мысалы, Шэньчжэнь – арнайы экономикалық аймақ, ал Гонконг пен Макао – екі арнайы əкімшілік аймақ. Шығанақ аймағының экономикаларының əрқайсысы оның синергиялық əсерін пайдалануы үшін институционалдық айырмашылықтарды қалай үйлестіруге болатынын, бастапқы жүйенің жақсы жақтарын қалай сақтап, əлсіз жақтарын қалай жеңуге болатынын зерттеу қажет.
Сауда дауы туындаған кезде қашпай, сол жерде күресу керек
Қытайдың дамуын жаһанданудан бөліп қарауға болмайды. Жаһандық еркін сауда жүйесі АҚШ-тың болат пен алюминий өнімдеріне ауқымды импорттық баждар енгізуі жəне бəсекелес аймақтық сауда келісімдері нəтижесінде күрделі қиындықтарға тап болып отыр.
Алайда сауда соғысында жеңімпаз жоқ. АҚШ-та да, Қытайда да немесе əлемнің басқа елінде де жеңімпаз жоқ. Дональд Трамп Қытайға қарсы жазалау шараларын жариялағаннан кейін АҚШтың қор нарығы күрт құлдырады. Басқа елдердің қор нарығында да осындай жағдай орын алды.
Шынында, АҚШ-та күрделі сауда теңгерімсіздігі проблемасы бар, ол негізінен АҚШ-тың ішкі себептеріне байланысты. Біріншіден, АҚШ-та жинақ ақша мөлшері өте төмен, ал тұтыну мөлшері өте жоғары. Бұл АҚШ-тың сауда теңгерімі тапшылығының негізгі себебі. Екіншіден, доллар – халықаралық резервтік валюта. АҚШ тапшылықты толтыру үшін ақша басып шығара алады, сондықтан АҚШ-та сауда теңгерімі тапшылығының ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.
Дегенмен американдық саясаткерлер назарды ішкі мəселелерден алшақтату жəне жеке саяси пайдасы үшін əрқашан басқа елдерді айыптады. «Плаза» келісімі 1980 жылдары АҚШтың Жапония мен «4 азиялық айдаһар» елдеріне қатысты үлкен тапшылығы бар кезде жасалды. «Плаза» келісімі бойынша Жапония мен «4 азиялық айдаһар» елдері өз валюталарының бағамын көтеріп, экспортты шектеп, зауыттарын АҚШ-қа көшіруі тиіс еді. Алайда, нəтижесінде АҚШ-тың тапшылығы азаймай, керісінше, өсті. Егер АҚШ жинақ ақша мөлшерін арттырмаса, нəтижесі дəл сондай болады.
Бұл тұрғыда біз жоғары моральдық қағидаларды ұстанып, жаһандануды жалғастыруымыз керек. Бұл Қытай үшін де, əлем үшін де пайдалы. Сондықтан Си Цзиньпиннің 2017 жылы Давос форумында жасаған баяндамасы бүкіл əлемде жоғары бағаланды. Саудадағы қайшылық жағдайында біз рационалды əрі орынды болып, қажетті қарсы шараларды қабылдауымыз керек. Сондайақ АҚШ-тың импорттық тарифтерін көтерудің түпкі құнын АҚШ халқы отандық импортқа жоғары бағалар есебінен көтереді. Американдық экспорт өндірушілер де, импортты тұтынушылар да өткерген шығындар американдық сайлаушыларды сауданың өзара тиімді болуы керек екенін түсінуге итермелейді. Бұл өз кезегінде американдық сайлаушылардың Қытайға қарсы сауда санкцияларына деген көзқарасын жəне президент Трамптың сайлаушылардан дауыс жинау үшін Қытайға қарсы сауда санкцияларын қолдану ниетін өзгертеді. Олар оның ниетін босаңсытып, Қытайдан қашуды доғарып, бар нəрселермен қанағаттануға тырысады.
Юаньды интернационалдандыру біздің біржақты қалауымыз емес
2008 жылғы халықаралық қаржы дағдарысы мен 1997 жылғы Шығыс Азиядағы қаржы дағдарысы бізге қалыпты уақытта да қауіп-қатерге дайын болу керектігін үйретті. 2008 жылға дейін американдық макроэкономика қауымдастығы «АҚШ-тың тұрақты макроэкономикасы бар, макроэкономикалық теория өте жетілген, ол «Ұлы ұстамдылыққа» қол жеткізілді жəне бизнес циклінің ауытқуларын тегістейтін құралдар бар» деп есептеді. Субстандартты несиелеу дағдарысы басталған кезде оны маңызды деп санамады, себебі оның көлемі небəрі 700 миллиард долларды құрады. 2008 жылы қыркүйекте Lehman Brothers компаниясының күйреуі АҚШ-тағы дағдарысты жаһандық дағдарысқа айналдырды. Дəл осындай жағдай 1997 жылғы Шығыс Азиядағы экономикалық дағдарыстың алдында да орын алды. 1950 жылдардан бастап Шығыс Азия елдерінің экономикасы үстем жағдайда болды, алайда 1997 жылы кенеттен дағдарысқа ұшырады.
Қаржы – қазіргі заман экономикасының маңызды бөлігі. Қаржы су сияқты, онсыз өсімдіктер өспейді. Су кемені ағыспен алып кетуі немесе аударуы да мүмкін. Сондықтан біз өзімізді болуы мүмкін қаржылық дағдарыстардан қорғауымыз керек. Сол үшін біз негізгі үш міндетіміздің бірі ретінде басты тəуекелдердің алдын алу мен шешу деп белгіледік. Бұл дағдарыс басталды дегенді білдірмейді, дегенмен қаржы жүйесіндегі жоғары левередж сияқты проблемаларды ерте кезеңде шешу қажет.
Юаньды интернационалдандыру уақыттың еншісінде. Бүгінде біз əлемдегі ең ірі сауда мемлекетіміз, сондай-ақ сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша əлемдегі ең ірі экономикамыз. Біз нарықтық бағам бойынша əлемдегі екінші экономикамыз, шамамен 2030 жылға қарай əлемдегі ең ірі экономикаға айналамыз. Сол кезде юаньды интернационалдандыру Қытайға ғана емес, онымен сауда жасайтын барлық елдерге де тиімді болады. 2030 жылға қарай Қытайдың даму потенциалы үлкен болып қала береді, ол əлемдік экономиканың өсуіне ықпал ете отырып, айтарлықтай жылдам қарқынмен дами береді.
Қаржы дағдарысынан кейін Қытайдың əлемдік экономиканың өсуіне қосатын жылдық үлесі 30%-дан асты. Бұл үрдіс жалғасын табады деп ойлаймын. Бұл ретте юаньды интернационалдандыру біздің біржақты тілегіміз емес, юаньды деноминациялау барлық елдерге транзакциялық шығындар мен тəуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Əрине, бұл жағдайды күшпен жеңуге тырысуға болмайды, өйткені бұл онсыз барлығына тиімді болады. Оның үстіне юаньды халықаралық резервтік валютаға айналдыруда да «таяқтың екі ұшы бар» екенін түсінуіміз керек. Халықаралық резервтік валюта ретінде АҚШ доллары АҚШ-қа қолайлылық тудырды, бірақ ұзақ уақыт бойына ондағы сауда тапшылығының сақталуына да мүмкіндік берді. Нəтижесінде көптеген ішкі мəселелер жасырылып, соңында дағдарысқа ұласты. Мұндай жағдайлардың алдын алуымыз керек.
73
III тарау ҚЫТАЙҒА ӨЗІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ ҚАЖЕТ
3.1. Он тоғызыншы Ұлттық Съезден кейін Қытайдың жаңа даму концепциясын түсіндіру
ҚКП-ның XIX Бүкілқытайлық съезі Қытай дамуының жаңа дəуіріне аяқ басқанын айқындаған айтулы оқиға болды.
Жаңа дəуірдің даму құндылықтары жəне Си Цзиньпиннің қытайлық ерекшелігі бар социализм құру иедясы
Менің ойымша, жаңа кезеңнің екі мағынасы бар. Біріншіден, Қытайдың түбегейлі қайшылығы халықтың өсе түскен материалдық жəне мəдени қажеттіліктері мен артта қалған өндіргіш күштер арасындағы қайшылықтан халықтың жақсы өмір сүруге деген қажеттіліктері мен теңгерімсіз дамуы арасындағы қайшылыққа өзгерді; екіншіден, Қытай өткеннің «баю мен өркендеу дəуірінен» бүгінгі «күштің қалыптасу дəуіріне» көшті. Қытай бұрын-соңды болмағандай өзіне сенімді жəне қытай ұлтының ұлы жаңғыруын жүзеге асыруға қабілетті.
1. Бұл мақала автордың 2017 жылы 17 қарашада Гуанчжоуда өткен Халықаралық қаржы форумының жыл сайынғы отырысының «XIX Ұлттық съезден кейінгі Қытайдың жаңа даму теориясын түсіндіру» атты пленарлық сессиясында сөйлеген сөзіне негізделген жəне автор тексерген.
Қытай халқының ұлы жаңғыруы мақсатын жүзеге асыру үшін ҚКП-ның XIX Бүкілқытайлық съезінің баяндамасында Қытайдың 2050 жылға дейінгі дамуы бірнеше кезеңге бөлінген: 2020 жылға дейінгі кезең – барлық жағынан орта деңгейде өркендеген қоғам құру үшін шешуші кезең; 2020–2035 жылдар аралығында негізінен социалистік жаңарту жүзеге асырылады; 2035–2050 жылдар аралығында Қытай бай, күшті, демократиялық, өркениетті, үйлесімді жəне əдемі заманауи социалистік елге айналады. Осы жоспарды жүзеге асыру үшін XIX Бүкілқытайлық съезде Си Цзиньпиннің «Жаңа дəуірдегі қытайлық ерекшелігі бар социализм туралы ойы» тұжырымдамасы таныстырылды. Си Цзиньпиннің жаңа дəуірдегі қытайлық ерекшелігі бар социализм туралы ойы экономика, саясат, мəдениет, қоғам мен экологияның барлық аспектілерін қамтиды. Бұл «бесеуі бірде» жалпы схемасы, «төртеуі бірде» стратегиялық схемасында, сондай-ақ схемасы жəне Си Цзиньпин Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының XVIII шақырылымынан бері талқылап келе жатқан «Дамудың бес тұжырымдамасынан» көрініс тапты.
Дамудың бес тұжырымдамасы жəне ұсыныс саласындағы құрылымдық реформалар
Қытай дамуы XIX Ұлттық съезден кейін жаңа «дамудың бес тұжырымдамасы» тұрғысынан талданады. Біріншіден, даму адамдарға бағытталған болуы қажет, ең бастысы, адамдардың жақсы өмір сүруге деген өсе түскен қажеттіліктерін қанағаттандыруы қажет. Бұл қажеттіліктерді қалай қанағаттандыруға болады? Жалпы өндіргіш күштерді дамыту процесінде дамудың теңгерімсіздігі мен сəйкессіздігін жою қажет. Ұсыныс саласындағы құрылымдық реформалар – дамудың теңгерімсіздігі мен сəйкессіздігін еңсерудің басты бағыты. Ұсыныс саласындағы құрылымдық реформалардың бес аспектісі бар: артық өндірістік қуатты қысқарту, қорларды азайту, қарыздарды азайту, шығындарды азайту жəне жетіспеушілікті өтеу. Өндірістік қуатты қысқарту, қорлар, қарыздар мен шығындарды азайту, ең алдымен, теңгерімсіздік мəселелерін шешуге бағытталған. Қуаттың теңгерімсіздігі əрбір сектордағы ұсыныс мүмкіндіктері мен сұраныс деңгейінің сəйкес келмеуінің нəтижесінде туындайды, ал ұсыныс жағының өндірістік қуатын сұраныс деңгейіне сəйкестендіру керек. Бұл – қуаттың өсу бағыты. Қорларды азайтуға келетін болсақ, ол негізінен өндіріс пен нарықтық сұраныстың арасында теңгерімсіздік болған кезде туындайды. Егер өндіріс тым жоғары болып, нарықтық сұраныс жеткіліксіз болса, онда қорлар жинақталады. Бұл шығандарға əкеледі, демек, қорларды азайту керек деген сөз. Қаржылық тұтқаның тым жоғары коэффициенті қаржы тəуекелінің жинақталуына əкелетіндіктен, қаржылық тұтқаның коэффициентінің төмендеуі негізінен қаржылық жəне нақты экономикалар арасындағы теңгерімсіздік есебінен мүмкін болады. Шығындардың төмендеуі негізінен шарушылық қызмет пен басқару арасындағы теңгерімсіздікке байланысты. Өйткені компаниялардың операциялық шығындары өте жоғары, бұл менеджмент тарапынан қысқартуды қажет ететін үлкен шығындарды туындатады.
Тапшылықтарды жою, сұранысты қанағаттандыру жəне өнімділік деңгейін арттыру үшін шешілмеген проблемаларды түсіну жəне шешу қажет.
Ұсыныс саласындағы құрылымдық реформаларда теңгерімсіздікті жоюдың басты жолы – реформаларды тереңірек жүргізу, ал кемшіліктерді жою үшін одан əрі даму қажет. Даму үдерісі Си Цзиньпиннің «Жаңа дəуірдегі қытайлық ерекшелігі бар социализм туралы ойында» баяндалған дамудың бес қағидасына, яғни инновация, үйлесім, қоршаған ортаға зиянсыздық, ашықтық жəне бірлесіп пайдалануға сəйкес жүзеге асырылуы керек. Бұл бес бағыт құралдар мен мақсаттарға бөлінеді. Құралдар – еңбек өнімділігінің деңгейін арттыруға бағытталған инновациялар. Мақсаттарға келетін болсақ, инновация өндіріске ұласуы керек, сұраныс пен ұсыныс үйлестірілуі керек, артық қуат пен қордан құтылу керек, сондайақ экологиялық стандарттарды ұстану, адамдардың жақсы өмір сүруге деген ұмтылысын қанағаттандыру, ішкі жəне сыртқы екі нарық пен ашық экономиканың екі түрі болуы керек, ресурстарды толық пайдалану жəне барлық азаматтармен дамудың жемісімен бөлісу керек.
Өндіріс пен инновацияның бес түрі
Экономистің көзқарасы бойынша, технологиялық инновация дегеніміз болашақтағы өндіріс үшін қолда бар технологиядан озық технологияны пайдалану немесе қазіргі бар саладан жоғары қосылған құны бар салаға кіру, яғни өнеркəсіптік жаңғырту. Бірінші жағдайда, қолданыстағы технология əлемдік экономикада алдыңғы қатарлы позицияны иеленсе, инновация технологиялық өнертабысқа теңестіріледі; қолданыстағы технология мен озық технологияның арасында алшақтық болса, инновацияны бастапқы өнертабыс арқылы ғана емес, енгізу, ассимиляциялау жəне сіңіру арқылы да жүзеге асыруға болады. Екінші жағдайда, бар салалар əлемдік экономикада жетекші орындарға ие болса, өнеркəсіптік жаңғырту жаңа өнімдер мен салаларды ойлап табу арқылы жүзеге асырылуы керек. Алайда, егер қолданыстағы салалардың қосылған құны мен əлемдік экономиканың жетекші салаларының қосылған құнының арасында əлі де алшақтық болса, онда бұған да өнеркəсіптік жаңғырту шеңберінде енгізу, ассимиляциялау жəне сіңіру арқылы қол жеткізуге болады.
«Жаңа құрылымдық экономика» шеңберінде Қытайда бес түрлі сала бар, бүгінгі таңда олар табыс деңгейі орта жəне жоғары салалар болып жіктеледі.
Қытайдың экономикасы туралы Сын-қатер, сенімділік жəне төзімділік
Бірінші түрі – қуып жетуші салалар. Оларды тек Қытайда ғана емес, сонымен қатар Қытайға қарағанда дамыған елдерде де кездестіруге болады. Мысалы, жабдықтар өндірісі. Қытай дүниежүзінде жабдықтар шығаруда көшбасшы, Германия да дүниежүзінде жабдықтар шығаруда көшбасшы. Қытайда функционалдығы бірдей жабдықты өндіру 1 миллион АҚШ долларын, ал Германияда 5 миллион АҚШ долларын құрайды. Осылайша, Қытай əлі де дамудың қуып жетуші сатысында.
Екінші түрі – жетекші сала, яғни қытайлық технологиялар, мысалы тұрмыстық техника (теледидар, тоңазытқыш, кір жуғыш машина) жəне жоғары жылдамдықты теміржол сияқты салаларда қазірдің өзінде əлемде алдыңғы қатарда орын алады. Қытай қазірдің өзінде əлемде алдыңғы қатарлы болып саналады.
Үшінші түрі – трансформациялық салалар, олар Қытайда бұрын үздік болған, бірақ Қытайдың салыстырмалы артықшылығының өзгеруіне байланысты енді жетекші емес салалар.
Төртінші түрі – əлемде бар салаларды қуып жету. Бұл салалардағы жаңа технологиялар мен өнімдерді зерттеу жəне əзірлеу көбінесе адами капитал инвестицияларына негізделген. Өнім мен технологияны өңдеу циклдері қысқа. Қазіргі уақытта
Қытай табыс деңгейі ортадан жоғары ел ретінде адам капиталының деңгейі бойынша дамыған елдерден қалыспайды. Оның дамыған елдерден айырмашылығы негізінен қаржы жəне нақты капиталының жинақталуында. Бұл капиталдар дамыған елдерде 200-300 жыл бойы жинақталса, Қытайда реформалар мен ашықтық саясатынан кейін ғана тез жинала бастады, артта қалуының себебі де осында. Өнеркəсіпте жаңа өнімдер мен технологияларды ойлап табу жəне құру көбінесе адам капиталының үлесіне негізделеді. Алайда элементтерді жеткізу құрылымында Қытайдың дамыған елдермен салыстырғанда салыстырмалы артықшылығы жоқ. Адам капиталына негізделген жəне салыстырмалы түрде аз инвестицияны қажет ететін бұл қысқа циклді салаларда Қытай дамыған елдермен тікелей бəсекелесе алады, тіпті оларды басып озуы мүмкін. Бұл жағынан Қытайдың əлі де айтарлықтай артықшылығы бар. Қытайдың халық саны мен таланттары көп, сондай-ақ үлкен ішкі нарығы бар. Сондықтан елдегі жаңа өнертабыстар, жаңадан жасалған өнімдер мен технологиялар үлкен нарықты тез жаулап ала алады. Оған қоса Қытай əлемдегі бар өндірісті басып оза алатын инновацияда да салыстырмалы артықшылыққа ие. Себебі өнімге аппараттық жабдықтар қажет болса түрлі құрамдас бөлшектермен қамтамасыз ете алады.
Бесінші түрі – қорғаныс пен қауіпсіздік жəне жаңа стратегиялық салалар. Мұндай салалардағы инновациялық тəсіл əлемде бар салаларды инновациялық тəсілдер арқылы басып алуға қарама-қарсы. Бұл түр де жоғары адами капиталды талап етеді, бірақ ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарының (ҒЗТКЖ) циклі ұзақтау, əдетте, 10-20 жылға созылады жəне үлкен қаржылық инвестицияларды қажет етеді.
Егер салыстырмалы артықшылықты тек қана қолда бар өндіріс факторларымен анықтайтын болсақ, онда бұл салада Қытайдың əзірге салыстырмалы артықшылығы жоқ. Бірақ оның қорғаныс жəне қауіпсіздік үшін шетелден сатып алынбайтын материалдары бар жəне бұл материалдарсыз қорғаныс пен қауіпсіздік бүгінгідей болмас еді. Осы жағдайды ескере, Қытай бұл салалардың дамуын да қолдауы керек.
Ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздікке қатысы жоқ кейбір стратегиялық жаңа салаларды дамыту үшін қажетті ҒЗТКЖ-ның уақыты ұзақтау, қаржы жұмсалымы да күрделілеу, шынында, мұнда Қытайдың салыстырмалы артықшылығы да жоқ. Алайда жаңа саланың даму бағыты анықталып қойған болса, ал Қытай салыстырмалы артықшылығының жоқтығынан бұл салада ҒЗТКЖ-дан бас тартса, бұл дамыған елдердің стратегиялық позицияларды иеленуіне əкеледі. Ал Қытай болашақта осы салаға кіргісі келсе, көптеген технология импортталмайды немесе өте жоғары импорттық шығындарды талап етеді. Сол себепті қазір бұл салалар салыстырмалы артықшылыққа ие болмаса да инвестиция салынбаса, ұзақ мерзімді перспективада, яғни болашақта оларға қайта кірудің шығындары мен тəуекелі тым үлкен болады.
Қытайдағы бар өнеркəсіп салалары осы бес категорияға бөлінеді, олардың əрқайсысының инновация тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Қуып жетуші инновациялар негізінен енгізу, қорыту жəне игеруге негізделген. Ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы, сондай-ақ стратегиялық дамушы салалардағы озық үлгілер мен инновациялар көбінесе тəуелсіз зерттеулер мен əзірлеулерге сүйенеді. Трансформациялық салалардың инновациялық əдісі қисықтың екі ұшына жоғары қосылған құнмен кіруден тұруы мүмкін, оның ішінде өнімді əзірлеуде немесе басқару əдістерінде инновацияны қажет ететін қолданыстағы брендтер, өнімді жобалау, маркетингтік арналарды басқару жəне т.б. бар; сонымен қатар ол салыстырмалы артықшылығын жоғалтқан өндіріс бөліктерін ел ішінде немесе шетелдің еңбекақысы төмен жерлеріне көшіруді қамтуы мүмкін, бұл өз кезегінде шығарылған жеріне байланысты басқарушылық инновацияны қажет етеді. Түрлі салалар барынша тиімділікке жету үшін əртүрлі тəсілдермен инновацияларды енгізуі керек.
Инновациялық процесте «смарт» өндіріс пен интернет мүмкіндіктері сияқты жаңа платформалық технологияларды ескеру маңызды, ал бүкіл процесс барысында «жасыл» технологияларды қолдану керек. Инновация, ынтымақтастық, тұрақтылық, ашықтық жəне тəжірибе алмасуға, яғни дамудың бес тірегінің мақсаттарына осылайша ғана қол жеткізуге болады.
Инновациялар жəне қаржыландыру
Инновацияны қаржымен біріктіру керек, өйткені инновация күрделі қаржы жұмсалымын қажет етеді. Қуып жетуші салалар инновациялық болып келеді, көбінесе банктік несиелер мен облигациялық қарыз түріндегі қаржылық қолдауды қажет етеді. Алайда саладағы фирмалардың көлемі мен оларды қаржыландыру қажеттіліктеріне байланысты банктер үлкен жəне кіші болып бөлінеді. Қуып жетуші ірі компаниялар негізінен банктермен, соның ішінде бірігу мен жұтылу арқылы қолдау көреді. Шағын жəне орта кəсіпорындарға келетін болсақ, оларды шағын жəне орта банктер қаржыландыруы мүмкін.
Алдыңғы қатарлы индустриалды инновацияларды қаржыландырудың басқа да көздері бар. Олар инновацияның негізгі əдісі ретінде өздерінің ҒЗТКЖ қолданулары керек. Алдыңғы қатарлы салалардағы фирмалар, əдетте, қажеттіліктеріне қор нарығынан қаржы тарта алатындай жетілген.
Трансфер, жаңа өнімді əзірлеу немесе арналар мен сапасын басқаруға бағытталған өнеркəсіптердің капиталға қажеттілігі көбінесе банктік қолдауға байланысты. Əлемдегі қалыптасқан фирмалардан асып түсетін салалар өз бетінше инновациялар енгізуі тиіс. Мұндай салалар тəуекелді азайту үшін инвесторларға, венчурлық капиталға жəне басқа қаржылық құралдарға көбірек сүйенеді.
Əлі салыстырмалы артықшылықтары жоқ қорғаныс өнеркəсібі кешені мен стратегиялық дамушы салалардың ҒЗТКЖ негізінен тікелей субсидиялар түріндегі мемлекеттің қаржылық қолдауын қажет етеді. Дегенмен үкімет ұлттық қазынашылық арқылы сатып алу мен ҒЗТКЖ-н субсидиялау қорын құра алады.
Жалпы XIX Бүкілқытайлық съезде ұсынылған жаңа дəуірге ену, қытай ұлтының ұлы жаңғыруын жүзеге асыру, Қытайды нығайту жəне жақсы өмірге ұмтылған адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірқатар инновациялар қажет. Инновациялық процесте əр сектордың ерекшелігіне сай əртүрлі тəсілдерді қолдану қажет. Қаржының нақты экономиканың дамуына септігін тигізуі үшін оны əр саланың дамуы мен инновациялық тəсіліне сəйкес тиісті қаржылық механизмдермен қамтамасыз ету қажет. Инновациялық процесте үйлестіру, тұрақтылық, ашықтық жəне тəжірибе алмасуға да назар аудару қажет. Егер осыларды іске асырса, онда қытай ұлтының ұлы жаңғыруы мен Қытайды нығайту мақсаттары орындалады деп ойлаймын.
3.2. Жетпіс жыл бойы дамуда экономикалық теориядағы инновациялар
2019 жылы Жаңа Қытайдың құрылғанына 70 жыл толатындықтан, мен қазіргі экономикалық теорияны Қытай экономикасының соңғы 70 жылдағы дамуы тұрғысынан талдап, жалпы қазіргі экономикалық теорияны өздігінен жаңарту қажеттілігі мен бағытын талқылағым келеді.
Қытайдың соңғы 70 жылдағы экономикалық дамуы жəне үстемдік ететін халықаралық пікір
Кең таралған көзқарас тұрғысынан Қытайдың соңғы 70 жылдағы экономикалық дамуын екі кезеңге бөлуге болады: біріншісі – 1949 жылдан 1978 жылға дейін, яғни жоспарлы экономикалық жүйе жүзеге асырылған кезең, екіншісі – реформалар мен ашықтық саясаты бастау алған 1978 жылдан қазіргі уақытқа дейін, яғни қытайлық ерекшелігі бар социалистік нарықтық экономика құрылған кезең.
1. Бұл мақала автордың 2019 жылы 23 наурызда Қытайдың Жэньминь университетінің (жаңа) Экономика мектебінің ұлықтау конференциясы мен Қытай экономикасының соңғы 70 жылдағы дамуы мен эволюциясына арналған академиялық симпозиумда жасаған баяндамасына негізделген. Бастапқы тақырыбы «Менің елімнің 70 жылдық дамуы тұрғысынан заманауи экономикалық теорияны талқылау. Тəуелсіз инновацияның қажеттілігі мен бағыты», кейіннен редакцияланып, тексерілді.
Жоспарлы экономика кезеңінде біз талдаған теориялар түпнұсқалық марксистік мəтіндер мен кеңестік социалистік саяси экономия, ал біз сүйенген тəжірибе негізінен ауыр өнеркəсіптің толық жүйесін ақшасыз негізде құруға тырысқан Кеңес Одағының тəжірибесі болды.
Біз талдап отырған кеңестік социалистік саяси экономия негізінен сол кездегі үстем əлемдік экономикалық теорияға сəйкес болды: кейншілдік 1930 жылдардағы Ұлы депрессиядан кейін Батыста үстем макроэкономикалық теорияға айналды. Ол нарықтың дəрменсіздігі жəне оған жауап ретінде мемлекеттің араласуына баса назар аударды, кез келген елдің экономикалық тұрғыдан сəтті дамуы мен ресурстарды бөлуде нарықтың шектеулерін еңсеру үшін мемлекетке сүйену керек деп санады. Оған қоса, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген дамушы елдер отаршыл немесе жартылай отаршыл елдерден бөлініп, бірінші буын көшбасшыларының жетекшілігімен өз елдерін жаңғыртуға кірісті. Осы қажеттілікке жауап ретінде Батыс экономикасында жаңа пəн – даму экономикасы пайда болды.
Бүгінде структурализм деп аталатын экономикалық даму теориясының бірінші буыны дамушы елдердің бай əрі қуатты болып, дамыған елдерді қуып жетуі үшін дамыған елдермен тең дəрежеде заманауи, ауқымды өнеркəсіптерді дамыту қажет деп есептеді. Бұл «халықты байыту» жəне дамыған елдердегідей табыс деңгейіне жету үшін дамыған елдердегідей еңбек өнімділігінің деңгейі қажет екендігімен түсіндірілді; ал дамыған елдердегідей еңбек өнімділігінің деңгейіне жету үшін оларда дамыған елдердегідей озық технология мен өнеркəсіптің болуы қажет; «өз елдерін қуатты ету» үшін оларға озық технология мен өнеркəсіп негізінде жасалған алдыңғы қатарлы əскери техника қажет. Алайда ол кездегі дамушы елдердегі барлық өнеркəсіп дəстүрлі ауыл шаруашылығы мен табиғи ресурстарға негізделген болатын. Еңбек өнімділігі өте төмен болғандықтан, табыс деңгейі де өте төмен болып, елдің ұлттық күш-қуаты болмады. Сондықтан структурализм дамушы елдер заманауи жəне озық өнеркəсіптерді дамытуға ұмтылуы керек деп санайды. Бұл біздің еліміздің 1950–1960 жылдардағы «Ұлыбританияны қуып жетіп, АҚШ-ты басып озу» мақсатына сəйкес келеді. Бірақ дамушы елдердің нарығы өздігінен мұндай заманауи өндірістерді құра алмайды, сондықтан оларды нарықтағы сəтсіздіктер ретінде қарастырады. Ал дамушы елдер импортты алмастыру арқылы заманауи салаларды дамыту үшін ресурстарды тікелей жұмылдыруы жəне бөлуі керек.
Дамудың бұл түрі дамушы елге кедейшілікке негізінде заманауи индустриялық жүйені жылдам құруға мүмкіндік береді.
Соның ішінде, Қытай 1960 жылдары атом бомбасын сынақтан өткізіп, 1970 жылдары аспанға спутниктерді ұшырды. Бұл, əрине, керемет жетістіктер. Дегенмен дамудың осы тəсілін ұстанатын дамушы елдердің жалпы экономикалық көрсеткіштері төмен болды. Ел ішіндегі жағдайға үңілетін болсақ, халықтың өмір сүру деңгейі ұзақ уақыт бойы төмен болып келді. 1978 жылы реформалар мен ашықтық саясаты басталған кезде біздің елдің индустриалды құрылымының деңгейі жоғары əрі озық болып көрінгенімен, жан басына шаққандағы табыс деңгейі өте төмен еді. Жаңа Қытай құрылғаннан кейінгі 30 жылдық қажырлы еңбектен кейін де біздің елдің жан басына шаққандағы табыс деңгейі əлемдегі ең кедей Африка елдерінің үштен біріне де жеткен жоқ.
Басқа социалистік елдер де біз сияқты жағдайды бастан кешуде. Олар индустриалды жүйе бойынша озық болуы мүмкін, бірақ өмір сүру деңгейі бойынша əлдеқайда артта қалды. Басқа социалистік емес дамушы елдер, соның ішінде Латын Америкасы, Оңтүстік Азия жəне Африка елдері де сол кездегі үстем теориялық идеологияның ықпалымен индустрияландыруда табысқа жетті, бірақ халықтың өмір сүру деңгейін көтере алмай, экономикалық тоқырау мен түрлі дағдарыстарды бастан өткерді.
1978 жылдың соңында Қытай жоспарлы экономикалық жүйеден нарықтық экономикаға көшкен алғашқы социалистік мемлекет болды. Кеңес Одағы мен Шығыс Еуропа елдері сияқты социалистік елдер 1980–1990 жылдары ауысу процесін бастады. Латын Америкасы, Оңтүстік Азия мен Африкадағы социалистік емес дамушы елдер де мемлекеттік импортты алмастыратын экономикадан ашық нарықтық экономикаға көшті.
1980 жылдары үстемдік еткен халықаралық идеология неолиберализм болды. Неолиберализм социалистік жəне басқа да дамушы елдердің экономикалық даму деңгейінің төмен болуы мемлекеттің нарыққа шамадан тыс араласуынан туындаған əртүрлі бұрмалануларға, ал экономикалық дамудың төмен деңгейі – бұл мемлекеттің тиімсіздігіне байланысты деп тұжырымдады. Эмпирикалық тұрғыдан мемлекеттік экономикалық жүйенің тиімділігі дамыған елдердегі нарықтық экономикалық жүйенің тиімділігі сияқты тиімді емес. Сондықтан реформалардың мақсаты нарықтық экономикалық жүйеге көшу болды. Ол кезде нарықтық экономикаға көшу үшін нарықтық экономикаға қажетті институционалдық механизмдерді құру қажет деген пікір басым болды. Қандай институционалдық механизмдер нарықтық экономикаға қажет? Нарықтардың артықшылығы – олар ресурстарды тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Ресурстарды тиімді бөлуге қалай қол жеткізуге болады?
Бағалар белгіленуі тиіс, ал өтпелі кезеңге дейін бағаның барлық түрін негізінде үкімет белгілейтін. Сол үшін жасалған бірінші ұсыныс: елдер бағаны нарыққа енгізіп, түпкілікті бағаны нарықтағы сұраныс пен ұсыныс белгілеуі керек, сонымен қатар бағаға ресурстарды бөлуді анықтауға мүмкіндік беру керек. Белгілі бір өнімнің жоғары бағасы сұраныстың жоғары екенін жəне сұранысты қанағаттандыру үшін өндірісті ұлғайтуға ресурстардың бағытталғанын білдіреді. Керісінше, егер өнімнің бағасы төмендесе, онда бұл өнімге ресурстар аз бөлінеді. Бұл өте түсінікті қисын.
Баға нарықта белгіленіп қана қойылған жоқ, сол кезде Қытайда, сондай-ақ басқа да өтпелі экономикасы бар елдер мен дамушы елдерде мемлекеттік кəсіпорындар көп болды. Сондықтан баға нарықта белгіленсе де, кəсіпорын мемлекеттің меншігінде болған жағдайда, мемлекет оны субсидиялауға жəне кез келген пайданы мемлекетке аударуға мəжбүр болды.
Сол себепті баға ресурстарды бөлу функциясын атқара алмады. Бұл жағдайда түрлі ресурстар мен элементтердің бағасы нарықта анықталса да, нарықтық экономикада, егер элементтің бағасы көтерілсе, компаниялар өнімділікті арттыру үшін оны үнемдеп пайдалануы керек. Алайда мемлекеттік кəсіпорындар үшін, егер элементтің бағасы көтерілсе, бұл өсу проблема болып есептелмейді, өйткені үкімет оны бəрібір субсидиялайды. Факторлардың бағалары көтерілсе де, олар шығындарды азайту шараларын қолданбайды. Сонымен қатар, егер өндірілген өнімнің бағасы көтеріліп жатса, онда нарықтық экономиканың қисыны бойынша олар көбірек өнім өндіріп, көбірек пайда табуға ұмтылуы тиіс. Бірақ мемлекеттік кəсіпорындардың пайдасы мемлекетке өтетін болғандықтан, өнімнің бағасы көтерілгенде, олар өндірісті арттыруға ұмтылмайды. Сондықтан ол кезде ресурстарды бөлуде нарықтық бағаның шешуші рөл атқару үшін барлық мемлекеттік кəсіпорындар жекешелендірілуі тиіс деген көзқарас орын алды. Бұл қисын өте айқын əрі түсінікті болды.
Бағаның ресурстарды бөлуде шешуші рөл атқаруының тағы бір шарты – олардың тұрақтылығы. Егер инфляция жоғары болса, тұтынушылардың мінез-құлқы бұрмаланады. Егер белгілі бір тауардың бағасы үнемі өссе, тұтынушылар оны бағасы төмен болған кезде көбірек сатып алуға асығады. Бұл сұраныстың айтарлықтай өсуіне əкеледі. Өндірушілердің көзқарасы бойынша, компаниялар бағаның көтерілуін байқағанда, олар сатуды тоқтатып, сатуды қайта бастау үшін үш-алты ай күтеді. Бұл баға одан əрі қарай көтерілуіне себепші болады. Нəтижесінде тұйық шеңбер пайда болады, яғни жоғары баға сұраныстың айтарлықтай өсіп, ұсыныстың айтарлықтай төмендеуіне əкеледі. Осылайша, тұрақты баға нарықта ресурстарды тиімді бөлудің қажетті шарты болып табылады.
Бағаның тұрақтылығына қалай қол жеткізіледі? Мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігі – қажетті шарт. Егер мемлекеттік бюджет теңгерімсіз болып, тапшылық орын алса, онда ол тапшылық ақырында ақшаға айналады. Ақшаның санының артуы инфляцияға, ал инфляция бұрмалауға əкеледі.
Сондықтан 1980 жылдары сол кездегі неолибералдық ойлауға негізделген «Вашингтон консенсусы» тұжырымы пайда болды. Оған сəйкес, бұл елдердің табысты көшуі үшін нарықтандыру, жекешелендіру жəне макротұрақтандыруды қамтамасыз ету қажет. Оның үстіне бұл үш реформа тиімді болуы үшін қатар жүргізілуі қажет. Егер нарықтар ырықтандырылып, меншік құқығына реформалар жасалынбаса, нəтиже оң болмайды. Тіпті нарықтар ырықтандырылып, меншік құқығына реформа жасалынса да, макроэкономикалық тұрақсыздық болған жағдайда нəтиже ойдағыдай болмайды.
Еліміздің қайта құру кезеңін бағалау жəне сол туралы ойым
Біздің 1978 жылы бастаған реформаларымыз сол кездегі қалыптасқан халықаралық көзқарасқа сəйкес келмеді. Нарыққа көшу барысында біз ырықтандыру жəне прагматизм қағидаларын басшылыққа ала отырып, кезең-кезеңімен екі қатарлы реформалар жүргіздік, яғни бұрын даму үшін басымдық берілген мемлекеттік кəсіпорындарға өтпелі кезеңде қорғайтын субсидиялар бөлу, бұрын басылған еңбекті көп қажет ететін кейбір салаларды ырықтандыру жəне жағдайға сай олардың дамуын бағыттау. Бастапқыда инфрақұрылым əлсіз, ал бизнес жүргізу жағдайы нашар болды. Сондықтан инфрақұрылымды жақсарту, қызметтерді «бір терезеден» көрсету жəне инфрақұрылым мен бизнес жағдайындағы кемшіліктерді жою үшін қолайлы жергілікті жағдайлар жасау мақсатында арнайы экономикалық аймақтар мен өңдеу жəне экспорттық аймақтары құрылды.
1980–1990 жылдары əлемде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшкенде нарықтық экономикаға қажетті институционалдық механизмдерді «талдырма терапиясы» арқылы бір сəтте енгізгенде ғана табысты болады деген пікір болды. Сондай-ақ ресурстарды нарық та, мемлекет те бөлетін Қытайдағы секілді кезең-кезеңімен көшетін екі қатарлы жүйе ең нашар институционалдық механизм, ол бастапқы жоспарлы экономикадан да тиімдсіз болып, одан да көп проблемаларға əкеледі деген халықаралық консенсус болды. Бұл не себепті ең нашар институционалдық механизм? Жоспар мен нарық қатар өмір сүретіндіктен, мемлекеттік жоспардың төмен бағасы мен нарықтың жоғары бағасы арбитраж мүмкіндіктеріне жол беріп, сыбайлас жемқорлықты тудырып, табыс алшақтықтығын кеңейтеді.
Мұндай құбылыс Қытайда өтпелі кезеңнен кейін пайда болды жəне 1980 жылдардағы кең тараған мəмілелердің бірі «демпинг» деп аталды. 1978 жылға дейін мұндай мəмілелер болмаған, бірақ 1978 жылы екі қатарлы реформаларды кезеңкезеңімен жүзеге асырғаннан соң, жоспарлы жəне нарықтық бағалар арасындағы бөлуді алуға негізделген мемлекеттің жоспарлы тауарлары мен мəмілелерінің демпингі пайда болды. Оның үстіне, осы арзан жоспарлы тауарларды алу үшін демпингті тудырушылар өздерінің барлық байланыстарын рента алуға пайдаланды. Бұл сыбайлас жемқорлыққа əкеліп, кірістерді бөлуде проблемалар тудырады.
Дəл осы практикалық мəселелерге байланысты 1980 жылдары Қытайда кезең-кезеңмен екі қатарлы жүйені реформалауға қарсылық басталды, елде экономикалық даму баяулап, «Қытайдың күйреуі теориясының» пайда болуына себеп болды. Дегенмен соңғы 40 жылда біздің экономикамыз қарқынды дамып қана қоймай, осы уақыт ішінде экономикалық дағдарысты бастан өткермеген жалғыз ел болып табылады. Ал үстемдік еткен «Вашингтон консенсусына» сəйкес өзгерістер жүргізген социалистік жəне дамушы елдердің көпшілігінде экономикалық күйреу, тоқырау жəне дағдарыстар орын алды. Сонымен қатар біздің елде байқалған сыбайлас жемқорлық, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық мəселелері басқа елдерде де бар жəне олар көбінесе біздің елге қарағанда күрделірек. Дүниежүзілік банк пен Еуропалық даму банкі Кеңес Одағы, Шығыс Еуропа жəне Латын Америкасы елдерінде бірқатар эмпирикалық зерттеулер жүргізді, зерттеу нəтижелері осы пікірді қолдайды. Олар нарықтандыру, жекешелендіру мен макротұрақтандырудан кейін бұл елдердің орташа өсу қарқыны өтпелі кезеңге дейінгі 1960–1970 жылдардан да төмен, дағдарыстардың жиі орын алып, сыбайлас жемқорлық пен табыс теңсіздігінің өсуі сияқты мəселелердің Қытайға қарағанда күрделі болғанын анықтады.
Басым экономикалық теория не себепті дамушы елдерді өзгерте алмады?
Қытайлық іскерлік қауымдастықтың ойландыратын бір сұрағы бар. Теориялар əлемді түсініп, өзгертуге арналған. Алайда не үшін негізгі экономикалық теориялар дамушы жəне өтпелі экономикасы бар елдердің мəселелерін түсінуде соншалықты табысты, бірақ дамушы елдер осы теорияларға сəйкес əрдайым даму жəне трансформация саясатын қалыптастыра алмайды? Оның басты себебі бұл теориялар дамыған елдерде туындап, дамушы жəне дамыған елдердің арасындағы айырмашылықтар əртүрлі жағдайлардың эндогендік нəтижесі екенін ескермей, дамыған елдерді негіз ретінде пайдалануында деп ойлаймын.
Мысалы, дамушы елдерде еңбек немесе ресурстарды көп қажет ететін, еңбек өнімділігі төмен өнеркəсіптер, ал дамыған елдерде капиталды көп қажет ететін, технологиялық жəне өнімділігі жоғары салалар шоғырланған. Алайда өнеркəсіптік құрылымдағы мұндай дифференциация эндогендік факторлармен анықталады. Дамыған елдерде капиталды көп қажет ететін, алдыңғы қатарлы технологиялық салалар бар, өйткені өнеркəсіптік революцияның нəтижесінде екі-үш ғасыр капитал жинақтағаннан соң, олардың капиталы молайып, мұндай салаларда салыстырмалы артықшылыққа ие болды. Дамушы елдердің қандай ортақ сипаттамасы бар? Капиталдың қатты тапшылығына байланысты олардың капиталды көп қажет ететін салаларда ешқандай салыстырмалы артықшылығы жоқ.
Егер белгілі бір ел дамыған елдердегі еңбекті көп қажет ететін жəне дамушы елдердегі капиталды көп қажет ететін салалар сияқты салыстырмалы артықшылығы жоқ салаларды дамытатын болса, онда бұл салалар ашық бəсекелі нарықта өзінөзі дамыта алмайды жəне қорғау мен субсидиясыз өмір сүре алмайды. Алайда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған негізгі даму теориясы жекелеген елдердің өнеркəсіптік құрылымының эндогендік факторлармен анықталатынын мойындамай, тек дамушы елдердегі дəстүрлі салалардың төмен өнімділігін проблема ретінде қарастырды, сондай-ақ эндогендік салдардың экзогендік себептерін өзгертпей, капиталды көп қажет ететін алдыңғы қатарлы салалардың дамуына ықпал етті, бұл, сөзсіз, сəтсіздіктерге əкеліп соқтырды.
Алғашқыда неолибералдық теория өтпелі кезеңде үкіметтің араласуы мен бұрмаланулардың сөзсіз болатынын сенімді түрде дəлелдеді. Алайда өтпелі кезеңде осы идеяларды ұстану бастапқы түсінікпен салыстырғанда экономикалық өсу қарқынының баяулауына əкелді. Мұндай дəлелдерді ұстанып жүргізілген саясат неге экономикалық даму қарқынының төмендеуі мен дағдарыстардың жиілігінің артуына əкелді? Оның басты себебі неолибералдық теория өтпелі кезеңге дейінгі түрлі бұрмаланулардың да эндогендік болғанын ескермейді. Бұл бұрмаланулар, басқыншылық жəне қорғаушы субсидиялар неден пайда болды? Өйткені өтпелі кезеңге дейін артықшылық берілуі тиіс салалардың капиталды көп қажет ететіндігі сонша, бұл салалардағы кəсіпорындар ашық жəне бəсекеге қабілетті нарықта өз бетінше жəне қорғаушы субсидиясыз өмір сүре алмайды. Неолибералдық түсініктерге сүйенсек, дамыған елдерге ұқсас тиімді нарықтарды құру үшін мемлекеттік бюджетті теңдестіру мақсатында нарықтандыру, жекешелендіру мен макротұрақтандыруды қатар жүргізу қажет. Бұл барлық қорғаушы субсидиялардан дереу бас тартуды талап етеді.
Субсидияларды алып тастаудың нəтижесінде салыстырмалы артықшылығы жоқ салалар өмір сүруін тоқтатады. Бұл кəсіпорындардың жиі банкротқа ұшырауы, жаппай жұмыссыздық, əлеуметтік тұрақсыздық, саяси тұрақсыздық пен экономикалық күйреуге алып келеді. Сонымен бірге ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздікке қатысты көптеген капиталды қажет ететін өндірістер қорғаусыз жəне субсидиясыз өмір сүре алмайды, ал ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздікке кепілдік берілмейді. Осы жағдай Украинада орын алды. Ол кезінде ядролық бомбаларды, авиатасымалдағыштарды жəне əлемдегі ең үлкен ұшақтарды шығаратын. Алайда 1990 жылдары елде трансформация болғанда қаржылық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін субсидиялар бөлінбей, осы салалардың барлығынан бас тартуға мəжбүр болды. Бірнеше жыл бұрын Ресей Қырымды басып алды, бірақ Украина бұған да, елдің шығысындағы Ресеймен шекаралас жерінде болып жатқан əскери қозғалыстарға да ештеңе істей алмады.
Əрине, көптеген елдер қорғаныс жəне қауіпсіздікке қатысты өнеркəсіптен бас тартуда соншалықты аңғал болмас еді, сондықтан мемлекеттік қорғаныс саласындағы ірі компаниялар жекешелендірілсе де, үкімет оларға қорғаушы субсидияларды бөлуді жалғастырады. Мемлекет бұл компанияларды субсидиялауға мəжбүр, өйткені олар ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет, яғни стратегиялық саяси жүкті көтереді. 1990 жылдары мен отандық жəне шетелдік көптеген экономистермен сөйлестім, академиялық ортада бұл компаниялар мемлекеттік меншік болғандықтан субсидияланады деген пікір басым болды. Мен бұл компаниялар қорғаныс жəне қауіпсіздіктің стратегиялық ауыртпалығын көтереді деп есептеймін, сондықтан мұндай стратегиялық ауыртпалық бар кезде, олар меншік иелігіне қарамастан субсидиялануы тиіс. Бұдан бөлек, ынталандыру механизмдері туралы сөз қозғайтын болсақ, мемлекеттік кəсіпорындардың директорлары мен зауыт басшылары субсидиясыз кəсіпорынның өмір сүре алмайтындығын айтады, ал субсидия алғаннан кейін өз қалталарына салмауы мүмкін емес. Ал қалтасына тікелей салу – бұл ұрлық, ұсталған жағдайда бас бостандығынан айырылады немесе өлім жазасына кесіледі. Бұдан шығатын жалғыз жолы – айлакер болып, ақшаны ұсақ-түйек жолмен ұрлау. Алайда кəсіпорын жекешелендірілсе, оның иелері мемлекетке демеу қаржы бермейді, бірақ сол себепті де мемлекеттен одан бас тарта алмайтындықтан қорғаушы субсидияларға қол жеткізеді. Бірақ мемлекеттік кəсіпорындардан қандай айырмашылығы бар? Жекеменшік компаниялардың иелері мемлекеттен көбірек субсидия алған сайын, олардың қалталары да тола береді.
Нəтижесінде рентаға деген ынта күшейеді. Сіз рента іздеп жүрген шенеуніктерге не айтар едіңіз? «Сіздің маған беретін ақшаңыз бəрібір сіздікі емес, елдің ақшасы, сол үшін маған неге көбірек бермейсіз? Швейцарияда немесе Панамада есепшот ашып, өз арамызда бөлісейік».